Байланыс формасы

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы туралы үлгі ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 шілдеде № 8575 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгi ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Мәдениет комитетi:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының назарына жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                      М. Кұл-Мұхаммед

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 20 маусымдағы   
№ 135 бұйрығымен       
бекітілген          

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптамалық
комиссиясы туралы үлгi ереже

      1. Осы Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптамалық комиссиясы туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және сараптама комиссиясының мәртебесі мен өкілеттігін белгілейді.
      2. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 6) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптамалық комиссияны (бұдан әрі – сараптамалық комиссия) құрады және ол туралы Ережені бекітеді.
      Сараптамалық комиссияның құрамына археология, палеонтология, этнография, халықтық-қолданбалы өнер, филателия, нумизматика, геральдика, музыкалық аспаптар, кітап және баспа істері (қолжазбалар), бейнелеу өнері салаларының ғалымдары және жоғары білікті мамандары енгізіледі.
      Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптамалық комиссияның Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы Үлгі ереже негізінде әзірленеді.
      3. Ережеде:
      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге ұсынылған және Қазақстан Республикасынан уақытша әкетілген заттардың мәдени құндылығын, түпнұсқалығын және жай-күйін анықтау бойынша сараптамалық комиссияның негізгі міндеттерін;
      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге ұсынылған және Қазақстан Республикасынан уақытша әкетілген заттарға сараптама жүргізу бойынша сараптамалық комиссияның функциясын;
      3) сараптамалық комиссияның мәртебесін және өкілеттігін белгілейді.
      4. Ережеде сараптаманың әдісі, мерзімі және нәтижесі туралы нұсқау берілген сараптамалық комиссияның қызметін ұйымдастыру көрсетіледі.
      5. Ережеде сараптамалық қорытындының үлгісі осы Үлгі ереженің қосымшасына сәйкес қарастырылсын.
      6. Сараптамалық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, мәдениет саласының заңнамаларын және осы Үлгі ережені басшылыққа алады.
      7. Ережеде сараптамалық комиссияның қызметіне қатысты қосымша мәліметтер көрсетілуі мүмкін.

Мәдени құндылықтарды        
уақытша әкету жөнiндегi сараптамалық
комиссиясы туралы үлгi ережеге  
қосымша               

____________________________________________________________________
(облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органы)

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі
сараптама комиссиясы

ҚОРЫТЫНДЫ
____________________
(алғашқы/қайталама)
№ ____

қаласы _________                              «___» _______ 20___ ж.

1. Өтініш беруші ____________________________________________________
                          (Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
_____________________________________________________________________
2. Өтініш берушінің деректері: ______________________________________
                     (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,
_____________________________________________________________________
      оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)
_____________________________________________________________________
3. Өтініш берушінің қызметі: ________________________________________
4. Уақытша әкетудің мақсаты: ________________________________________
5. Сараптамаға ____________________________________________ ұсынылды
                    (заттың атауы, жазбаша саны)
6. Заттың сипаттамасы: ______________________________________________
_____________________________________________________________________
   (түпнұсқа, авторы, жасалған уақыты мен жері, материалы және
_____________________________________________________________________
             орындалу техникасы, өлшемі, салмағы, сақталуы)
Қорытынды: __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
              (мәдени құндылығы бар немесе жоқ,
_____________________________________________________________________
             уақытша әкету мүмкіндігі туралы ұсыным)

Сараптама комиссиясының            Комиссия мүшелері:
төрағасы:
____________________ (Т.А.Ә.)      ____________________ (Т.А.Ә.)
____________________ (Т.А.Ә.)      ____________________ (Т.А.Ә.) 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады