"Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 08-1-1-1/613 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 14 қаңтарда № 9068 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 06.12.2017 № 11-1-2/576 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1350 тіркелген, 2001 жылғы № 2 "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Консулдық заңдастыру ережелерінде:

      6-тармақ алып тасталсын:

      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1. Заңдастыруға жатпайды:

      1) туу туралы куәліктен басқа, жеке басты куәландыратын құжаттар; жүргізуші куәліктері;

      2) әскери билеттер, шақыру учаскесiне тiркеу туралы куәлiктер;

      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, өзге де құжаттар мен актілер";

      15-тармақ алып тасталсын:

      көрсетілген ережелердің 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Консулдық қызмет департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

Р. Жошыбаев


  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министірінің
2013 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 08-1-1-1/613 бұйрығының
қосымшасы
Консулдық заңдастыру
ережелеріне 2-Қосымша

Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің
заңдастыру жазуының үлгісі

      Осы құжат __________________________________________ заңдастырылды.

      (Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің атауы)

      his document is legalized in ______________________________________

      (name of the embassy/ consulate general /consulate of

      the Republic of Kazakhstan)

      № _____________

      20 ____ ж. "__" ______________

      Консул/consul ________________

      қолы/signature

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады