2013 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № А-2/123 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 9 сәуірде № 3699 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының 2014 жылғы 28 тамыздағы № 15-14/13053 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының 28.08.2014 № 15-14/13053 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға арналған:
      басым дақылдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес;
      көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ. Әкімовке жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                Қ. Айтмұхаметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

Ақмола облысы әкімдігінің
2013 жылғы 26 наурыздағы
№ А-2/123 қаулысына  
1-қосымша       

Басым дақылдардың тізбесі

рет №

Басым дақылдардың атауы

1

жаздық бидай

2

арпа

3

сұлы

4

қарақұмық

5

бұршақ дәнділер

6

майлылар

7

картоп

8

көкөніс-бақша

9

жемшөптік (бір жылдық шөптер, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер және шабындық жерге шөп егіп жаңарту үшін егілген, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер)

10

сүрлемге жүгері, күнбағыс

11

көкөніс-бақша дақылдары ашық топырақта, картоп өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген жағдайда

12

қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары

Ақмола облысы әкімдігінің
2013 жылғы 26 наурыздағы
№ А-2/123 қаулысына 
2-қосымша      

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 27.05.2013 № А-4/217 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

р/с №

Басым дақылдардың атауы

1 гектарға субсидиялар нормалары, теңге

1

дәнділер (бидай) базалық нормасы бойынша

200

2

дәнділер (арпа, сұлы) базалық норма бойынша

600

3

бұршақ дәнділер (қарақұмық, ноқат, бұршақ, жасымық) базалық норма бойынша

600

4

құрылымында ғылым ұсынған сүрі жер үлесімен және (немесе) нөлдік технологияны (no-till) қолданумен ауыспалы егістен тұратын, осы дақылдарды аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды қолдана отырып өсірген кезде базалық нормаға қарсы жоғарылатылған бойынша дәнділер

650

5

майлылар

4000

6

жемшөптік (бір жылдық шөптер, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер және шабындық жерге шөп егіп жаңарту үшін егілген, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер)

4500

7

сүрлемге жүгері, күнбағыс

4500

8

картоп (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қоспағанда)

27000

9

көкөніс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда)

30000

10

көкөніс-бақша дақылдары мен картоп ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып

75000

11

өнеркәсіптік түрінде қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (2 дақыл айналымға)

2476911,3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады