Сотталғандар үшін негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № а-12/495 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 қаңтарда № 3939 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № а-1/54 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 06.02.2015 № а-1/54 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сотталғандар үшін негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Ә.Қ.Күмпекеевке жүктелсiн.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі                М.Тақамбаев

2013 жылғы 09.12. № а-12/495
Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң
қаулысына қосымша     

Сотталғандар үшін негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлерi

      1. Аумақты мұздан тазарту.
      2. Аумақты қардан тазарту.
      3. Аумақты қоқыстан тазарту.
      4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазарту.
      5. Аумақты арам шөптерден тазарту.
      6. Отырғызу, ағарту, ағаштарды кесу.
      7. Қоршауларды жөндеу және бояу.
      8. Ғимараттарды ақтау, бояу.
      9. Гүл кумбаларын бөлу.
      10. Көгалды қайта қазу.
      11. Құрылыс қоқыстарын жинау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады