Егіндікөл ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № А-4/94 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 мамырда № 3735 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 1153 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 06.11.2014 қарашадағы № 1153 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12 тармағына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 260 ұсынысы негізінде, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Егіндікөл ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж.Жақановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндікөл ауданының әкімі                  Д.Жұрымбаев

Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 30 сәуірдегі 
№ А-4/94 қаулысына   
қосымша        

Егіндікөл ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Субсидияланатын басымдық ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Оңтайлы себу мерзімдері

Субсидияларды алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері

1.

Орташа кеш жаздық бидай

15 мамырдан 23 мамырға дейін

24 мамырға дейін

2.

Орташа піскен жаздық бидай

18 мамырдан 26 мамырға дейін

27 мамырға дейін

3.

Орташа ерте жаздық бидай

23 мамырдан 30 мамырға дейін

31 мамырға дейін

4.

Жаздық арпа, сұлы

27 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

5.

Қарақұмық

25 мамырдан 30 мамырға дейін

31 мамырға дейін

6.

Тары

28 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

7.

Бұршақ

15 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

8.

Жасымық

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

9.

Май-тұқымға арналған күнбағыс

10 мамырдан 20 мамырға дейін

21 мамырға дейін

10.

Зығыр

15 мамырдан 31 мамырға дейін

1 маусымға дейін

11.

Бір жылдық шөптер

12 мамырдан 28 мамырға дейін

29 мамырға дейін

12

Көпжылдық дәнді және бұршақ шөптердің көктемгі егісі

5 мамырдан 19 мамырға дейін

20 мамырға дейін

13

Сүрленген шөпке жүгері

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

14

Судан шөбі

18 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады