Жақсы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № А-1/84 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № А-8/311 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 қазанда № 3822 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № а-1/34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 16.02.2016 № а-1/34 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жақсы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № А-1/84 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3696 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 сәуірдегі "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Жапаровқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жақсы ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады