Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № А-1/84 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 сәуірде № 3696 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № а-1/34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 16.02.2016 № а-1/34 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 10.09.2013 № А-8/311 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Жақсы ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш процент мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Жақсы ауданының "Жақсы ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2009 жылғы 20 қаңтардағы № А-0/46 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-13-86 тіркелген, "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған 2009 жылғы 27 ақпандағы) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д. Бралинаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі И.Қабдуғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады