Зеренді ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 242 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 8 мамырда № 3727 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 1567 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 05.11.2014 қарашадағы № 1567 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137 баптарына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, "А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 213 қорытындысының негізінде, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Маржықпаев

Зеренді ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 25 сәуірдегі
№ 242 қаулысына    
қосымша        

Зеренді ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

р/с №

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері

Ауыл шаруашылық дақылдарының оңтайлы себу мерзімдері

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдері

1

Жаздық бидай

11 мамырдан 27 мамырға дейін

28 мамырға дейін

2

Арпа

27 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

3

Сұлы

27 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

4

Қарақұмық

25 мамырдан 4 маусымға дейін

5 маусымға дейін

5

Бұршақ дәнділер

15 мамырдан 27 мамырға дейін

28 мамырға дейін

6

Майлылар

15 мамырдан 28 мамырға дейін

29 мамырға дейін

7

Картоп

11 мамырдан 29 мамырға дейін

30 мамырға дейін

8

Көкөніс-бақша

11 мамырдан 16 маусымға дейін

17 маусымға дейін

9

Жемшөптік (бір жылдық шөптер, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер және шабындық жерге шөп егіп жаңарту үшін егілген, ағымдағы жылдың көп жылдық шөптер)

11 мамырдан 17 мамырға дейін

18 мамырға дейін

10

Сүрлемге жүгері, күнбағыс

17 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

11

Көкөніс-бақша дақылдары ашық топырақта, картоп өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген жағдайда

11 мамырдан 16 маусымға дейін

17 маусымға дейін

12

Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары

11 мамырдан 15 маусымға дейін

16 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады