Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 248 "Қарғалы ауданы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 199 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қазанда № 3653 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 21.04.2017 № 120 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес Қарғалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 248 Қарғалы ауданы халқының мақсатты топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 желтоқсанда № 3-6-93 болып тіркелген, аудандық Қарғалы газетінде 2009 жылғы 24 желтоқсанда № 63-64 жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қаулының кіріспесінде:
      1) "тармақшаларына" сөзі "тармақшасына" сөзімен алмастырылсын;
      2) 13 саны алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Р.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады