Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай селолық округінің әкімінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 қыркүйекте № 3647 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 13 қарашадағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 13.11.2015 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 21.10.2014 № 1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Хромтау ауданының мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторының 2013 жылғы 07 маусымдағы № 154/231 ұсынысы негізінде Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің Құдықсай ауылы аумағында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 21.10.2014 № 1 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Құдықсай селолық округінің әкімі: Б.Журтканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады