Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы N 341 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментімен 2014 жылы 16 қаңтарда N 2558 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 71 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 20.02.2024 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі келесідей белгіленсін:

      уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

      ұзақ мерзімде жұмыс жасамаған азаматтар;

      отбасында бірде-бір жұмыс істейтін мүшесі жоқ тұлғалар;

      бұрын жұмыс істемеген тұлғалар.

      2. Көксу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 04 маусымдағы "Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" N 236 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 18 маусымда N 2-14-131 нөмірімен енгізілген, аудандық "Нұрлы Көксу" газетінде 2012 жылғы 22 маусымда N 25 (134) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлия Секерғалиқызы Садықоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Б. Исабеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады