Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 29 қазандағы № 523 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 қарашада № 2051 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 30.01.2017 № 10 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 319 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-122 болып тіркелген, 2011 жылдың 1 қазанында № 91 "Талас тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      3. "Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды белгіленген квотаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жолданылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманжолұлы Рахымжановқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Д. Рымтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады