2013 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 қаңтардағы N 03/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментімен 2013 жылғы 11 ақпанда N 2159 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 42/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 10.12.2013 № 42/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы N 972 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 91-ө "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысын іске асыру туралы" бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің тізімі, жұмыс түрлері мен көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысының мөлшері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінде, толық емес жұмыс күні жағдайлардағы немесе икемді кесте бойынша жұмыс мүмкіндігімен бекітілсін.
      3. Қоғамдық жұмыстарға жұмыспен қамтылған азаматтардың еңбекақысын төлеу жергілікті бюджеттің қаражатынан жүргізілсін.
      4. Жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, "Абай ауданының жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі үлгі шарттарын жасасын.
      5. Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы N 32/11 "2012 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-125 тіркелген, 2012 жылғы 13 қаңтардағы N 2 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының, Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 7/09 "Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы "2012 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 32/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-128 тіркелген, 2012 жылғы 31 наурыздағы N 12 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының, Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 мамырдағы N 14/02 "Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы "2012 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 32/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-134 тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдедегі N 25 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының және Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қарашадағы N 33/14 "Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы "2012 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 32/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2016 тіркелген, 2013 жылғы 5 қаңтардағы N 1 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
      7. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       Е. Нашаров

Абай ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 17 қаңтар
N 03/03 қаулысына
қосымша

2013 жылға Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 17.06.2013 N 20/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер

Жылына қоғамдық қызметкерлерге сұраныс, адам

Жұмыстардың ұзақтығы, ай

Айына қызметкерлер саны, адам

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

"Абай-Көркем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

198

1

21

Ағаштарды отырғызу – 500 дана, көшеттерді отырғызу – 100 дана, гүлдерді отырғызу – 500 дана, ағаштарды көктемгі өңдеу – 7587 дана, ауданы 192340 шаршы метр аумағын жинау және тазалау, нөсерліктерді және нөсер құдықтарын тазарту – 218 дана

Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық

6

2

1

Зейнетақыны қайта есептеу кездегі көмек – 25700 іс, мұрағаттық құжаттармен жұмыста – 14000 іс, курьерлік жұмыс – 660 хат

Абай ауданы бойынша салық басқармасы

16

2

5

Салық жинауға көмек – 16927 түбіртек

Абай аудандық қорғаныс ісі жөніндегі бөлім

10

2

2

Әскерге шақырылушылардың жеке істерін ресімдеуге көмек – 2500 іс, шақыру қағаздарын тарату – 1200 дана

Абай ауданының статистика бөлімі

5

2

1

Жеке кәсіпорындарды жағдаятты зерттеулерге көмек – 300 объект, ауыл шаруашылығы бойынша – 350 объект, мұрағаттық құжаттармен жұмыста – 150 папка, курьерлік жұмыс – 330 хат

Абай ауданының прокуратурасы

5

2

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, факстерді жөнелту – 240 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 400 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат

Абай аудандық соты

10

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, шақыру қағаздарын тарату – 600 дана

Абай ауданының әдiлет басқармасы

31

1

3

Құжаттаудағы көмек – 2500 іс

Абай аудандық Ішкі істер басқармасы

10

2

2

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 1200 парақ, факстерді жөнелту – 650 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 600 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 660 хат

Абай ауданының N 2 аудандық соты

10

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 200 парақ, факстерді жөнелту – 100 парақ, шақыру қағаздарын тарату – 200 дана

Абай ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі

6

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 300 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат

Абай ауданының әкімінің аппараты

6

2

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 200 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 330 хат

Құрма ауылдық округі әкімінің аппараты

6

2

1

Ұзақтығы 13 километр су құбырының, ұзақтығы 6 километр кәріздің қызмет көрсетуіне көмек

Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

6

2

1

Мұрағаттық құжаттарды өңдеуге көмек – 500 папка

Абай ауданының жер қатынастары бөлімі

5

2

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 300 парақ, факстерді жөнелту – 120 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 200 парақ

Қарағанды облысының түзету мекемелеріндегі заңдылықты бақылау бойынша арнайы прокуратура

6

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, факстерді жөнелту – 300 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 400 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 300 хат

"Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу қоры" қоғамдық қоры

85

1

5

Шыршалар күтімі – 40 дана, ағаштарды көктемгі өңдеу – 40 дана, алаңы 0,1153 гектар аумағын жинау және тазалау, мешіт ғимаратына қызмет көрсету

Топар кенті әкімінің аппараты

21

1

3

Ауданы 15 гектар аумағын жинау және тазалау

Мичурин селолық округі әкімінің аппараты

4

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, факстерді жөнелту – 300 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 400 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 300 хат

Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі

7

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ, факстерді жөнелту – 300 парақ, мәтіндерді теру және басып шығару – 400 парақ, хат-хабарларды жеткізу – 300 хат

Южный кенті әкімінің аппараты

3

1

1

Алаңы 1,3 гектар кент аумағын санитарлық тазарту

Көксун ауылдық округі әкімінің аппараты

6

1

1

Алаңы 20,0 гектар ауылдық округ аумағын санитарлық тазарту

Акционерлік қөғам "Қазпошта"

25

2

10

Хат-хабарларды жеткізу

Құлаайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты

4

1

1

Су құбыры желілерінде қызмет көрсету

Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты

4

1

1

Су құбыры желілерінде қызмет көрсету

Самарка ауылдық округі әкімінің аппараты

4

1

1

Мәдени-әлеуметтік маңызы бар нысандарда түбегейлі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмек, ауылшаруашылық жануарларын сәйкестендіру өткізу кездегі көмек

Есенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты

1

1

1

Ағымдағы құжаттармен жұмыстағы көмек – 600 парақ

Барлығы

500

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады