Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының XV сессиясының 2013 жылғы 14 ақпандағы N 15/98 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 наурызда N 2227 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 27/174 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 20.03.2014 № 27/174 (оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымша әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаттары бекітілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
      3) мүгедектер;
      4) мүгедек балалар;
      5) табысы аз азаматтар;
      6) көп балалы аналар;
      7) фтизиатрда тіркеуде тұрған туберкулезбен ауыратындар;
      8) дәрігерлік-кеңестік комиссия анықтамасының нәтижесінде операциядан кейінгі емделу кезеңіндегі онкологиялық аурулармен ауыратындар;
      9) 75 және одан жоғары жастағы зейнеткерлер қарттар күніне.
      2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шығындары аудан бюджетінде "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 451007 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржы шегінде қаржыландырылады.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
      XV сессиясының төрағасы                    Ж. Рыспеков

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Ш. Ибраева
      2013 жылғы 14 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады