Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 57/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 қаңтарда № 2492 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асылбек Серікұлы Молдабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Аймақов

Осакаров ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 57/01 қаулысымен
бекітілген

Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану
Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246 бабына сәйкес, адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде, олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.

2. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсу тәртібі

      3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-тапсыру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-тапсыру актісінде аудандық коммуналдық меншікке түсетін жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қабылдау-тапсыру актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, кент, селолық округ әкімі (бұдан әрі - әкім), "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуы кезінде жасалады. Қабылдау-тапсыру актісін экономика және қаржы бөлімінің басшысымен бекітіледі.
      4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау-тапсыру актісі негізінде теңгерімге алу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

3. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру

      5. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды аудандық коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен экономика және қаржы бөлiмi жүзеге асырады.
      6. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн, жануарларды аудандық әкiмдiктiң қаулысы негізінде тиiстi әкiмдер аппараттарының теңгерiмiне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге алу Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен қабылдау - тапсыру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен жануарларды пайдалану тәртібі

      7. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз жануарларды мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:
      1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;
      2) аукцион арқылы сату;
      3) сауда ұйымдары арқылы сату;
      4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.
      8. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудандық әкiмдiктiң қаулысымен құрылған тұрақты комиссия шешеді.

5. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі

      9. Жануарлар аудандық коммуналдық меншікке өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол тиісті жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.
      10. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің оларды күтініге алуға байланысты шығыстарды жергілікті бюджет кірісіне өтегеннен кейін жүзеге асырылады.
      11. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен бұрынғы меншік иесіне өтеледі. Бұл ретте жануарларды бағуға байланысты қаржының көлемі шегеріледі.
      12. Жануарларды қайтару немесе құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен экономика және қаржы бөлімі арасында жасалатын шартпен ресімделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады