"2013 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 мамырдағы N 118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 01 тамыздағы N 215 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 07 тамызда N 4485 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 2014 жылғы 14 қаңтардағы N 01-1/2-12/26 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының 14.01.2014 N 01-1/2-12/26 хатымен).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2013 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 мамырдағы N 118 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4448 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 21 мамырдағы "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
      аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқабының болжамды құрылымына қарай) осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
      басым дақылдардың тізбесі және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларында:
      реттік нөмірі бірінші жолындағы:
      "бір гектарға субсидия нормасы, теңге" деген 3 бағанындағы "23 250" деген сандар "25 000" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. С. Нұртаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                       Қ. Көшербаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы
      _____________М. Өмірияев
      2013 жылғы "31" шілдедегі

      Қызылорда облысы әкімдігінің
      2013 жылғы "01" тамыздағы
       N 215 қаулысына қосымша

      Қызылорда облысы әкімдігінің
      2013 жылғы "13" мамырдағы
       N 118 қаулысына 1-қосымша

       Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері (басым дақылдардың егістік алқабының болжамды құрылымына қарай)

Аудандар

Көктемгі дала және жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидия көлемдері, мың теңге

Жаңақорған

237588

Шиелі

200870

Сырдария

451186

Жалағаш

458332

Қармақшы

333174

Қазалы

189282

Арал

193

Қызылорда қаласы

60821

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады