Жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы N 116 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 02 мамырда N 4438 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 161 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 22.12.2017 № 161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексi" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексiнің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) мен бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың кезекті


ХІV сессиясының төрағасы

Б. Пржанова

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Б. Маншарипов


  2013 жылғы "29" наурыздағы
Қызылорда облысы Сырдария аудандық
мәслихатының N 116 шешіміне
1-қосымша

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)



  2013 жылғы "29" наурыздағы
Қызылорда облысы Сырдария аудандық
мәслихатының N 116 шешіміне
2-қосымша

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті жерлерінің бағалау аймақтарының шекаралары

Аймақ нөмірі

Жер-кадастрлық кварталдар шекараларымен аймақтардың қиылысу шекаралары

Аймақ ауданы, га

I

I аймақ (002,003 кварталдары)

247,0


Аймақтың шекарасы, батысынан Майжарма каналымен шектесіп, солтүстігі темір жолмен, шығысынан Әлиакбаров көшесі және А.Тоқмағанбетов көшесімен, оңтүстігінен Айтек каналын бойлай Амангелді көшесімен "Қызылорда-Жалағаш" автомобиль жолымен түйіседі.


II

II аймақ (002, 003, 028 кварталдары)

551,0


Аймақтың солтүстік шығысы темір жолмен Тереңөзек кентінің шегінің оңтүстік-шығыс бөлігі толығымен қамтып, оңтүстігінен Сырдария өзенінің бойымен, "Қызылорда-Жалағаш" автомобиль жолымен солтүстікке қарай Амангелді, Әлиакбаров пен А.Тоқмағанбетов көшесін бойлай темір жолмен түйіседі.


ІІІ

ІІІ аймақ (001 квартал)

219,0


Аймақтың шекарасы батысынан Айтбай каналы бойымен, солтүстігі темір жол бойымен, шығысы Майжарма каналы бойымен, оңтүстігі Айтек каналы бойымен өтеді.


IV

IV аймақ (003 квартал,028 квартал)

330,0


Аймақ шекарасын темір жолдың бойы Тереңөзек кенті аймағының түгелімен солтүстігін қамтиды;Сырдария өзенінің солтүстік батысынан және солтүстік шығысынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы" N 957 Қаулысына сәйкес орман қоры жерлерінің санатынан елді мекендер санатына ауыстырылған Тереңөзек кентіне қосымша табысталған жер учаскелері қамтиды.

1347,0

  2013 жылғы "29" наурыздағы
Қызылорда облысы Сырдария аудандық
мәслихатының N 116 шешіміне
3-қосымша

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аймақтың нөмірі

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

I

2.0

II

1.8

III

1.6

IV

1.4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады