Байланыс формасы

Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттерін "ауыл" санатына жатқызу туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысының мәслихатының 2013 жылғы 27 ақпандағы N 9/119 шешімі және Маңғыстау облысының әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы N 70-1 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 сәуірде N 2235 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша: "село" деген сөзі алынып тасталсын - Маңғыстау облысы әкімдігінің және облыстық мәслихатының  09.12.2014 № 308 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бәрлескен қаулысымен және шешімімен.

      Қарақия аудандық мәслихаты мен Қарақия ауданы әкімдігінің Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттерін «ауыл» санатына жатқызу туралы ұсынысын қарай келіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылыcы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттері «ауыл» санатына жатқызылсын.
      2. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев

      Сессия төрағасы                         Ж. Дәрменов

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады