Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 17/113 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 қыркүйекте № 2298 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 56/453 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/453 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.11.2018 № 27/228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға жылына бір рет 12100 (он екі мың бір жүз) теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.11.2018 № 27/228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2. Әлеуметтік көмекті төлеу бойынша уәкілетті орган болып "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемелекеттік мекемесі табылады.

      Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 26.06.2018 № 24/204 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Өмірбеков) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның интернет-ресурста жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Қ. Әбілшеевке (келісімі бойынша) жүктелсін.

      5. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. Әжібаева
      Аудандық
      мәслихат хатшысы м.а. Ө. Шығанбайұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық қаржы және

      экономика бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      М. Нысанбаев

      28 тамыз 2013 жыл


      "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б. Өмірбеков

      28 тамыз 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады