Байланыс формасы

Қостанай облысы елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, елді мекендерінің аумағындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 1 наурыздағы № 120 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 сәуірде № 4091 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 393 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 07.04.2015 № 393 шешімімен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, елді мекендерінің аумағындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Сергеев

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы     С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары - Қазақстан
      Республикасының Өңірлік даму министрі
      _________________ Б. Сағынтаев
 

Облыстық мәслихаттың    
2013 жылғы 1 наурыздағы   
№ 120 шешімімен бекітілді 

Қостанай облысы елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, елді мекендерінің аумағындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қостанай облысы елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, елді мекендерінің аумағындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзiрлендi.
      2. Қағидалар елді мекендер аумақтарын абаттандыру, санитариялық тазарту, тазалығын сақтау, инфрақұрылым объектілерін күтіп-ұстау және қорғау саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қатынастарын реттейді, қалдықтарды жинау, әкету, қайта өңдеу және көму тәртібін анықтайды, сондай-ақ жеке меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға облыстың елді мекендерінің аумағындағы жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау тәртібін белгілейді.
      3. Елді мекендердің аумағын абаттандыру, санитариялық күтіп-ұстау, тазартуды ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету, жасыл желектерді күтіп-ұстау, қорғау және шауып тастау жөніндегі жұмыстардың үйлестіруін және ұйымдастырылуын қарамағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бар қалалар және аудандар әкімдіктерінің құрылымдық бөлімшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, жер учаскелерінің меншік иелері жүзеге асырады.

2. Осы Қағидаларда қолданылатын негiзгi
ұғымдар мен анықтамалар

      4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме.
      5. Ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн.
      6. Елді мекеннің аумағы – қалалық немесе селолық елдi мекеннiң белгiленген шекара (iшкi аумағы) шегiндегi кеңiстiк.
      7. Жол – мемлекеттiк есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда – соларды қамтиды.
      8. Көгалдандыру екпелері – елді мекендердің шекараларында ортақ пайдаланылатын жерлерде орналасқан орманды саябақтар, саябақтар, скверлер, бульварлар, желілік екпелер, үй жанындағы екпелер, көгалдар, гүлзарлар.
      9. Коммуналдық қалдықтар – елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекеті нәтижесінде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары.
      10. Қалдықтарды жинау – қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату немесе жою мақсатында оларды сұрыптауды қамтитын қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға немесе объектілерге шығаруға, жинау және орналастыруға байланысты қызмет.
      11. Қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою.
      12. Қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою.
      13. Қалдықтарды тасымалдау – қалдықтарды олардың пайда болған немесе сақталған жерінен өңдеу, кәдеге жарату немесе жою орындарына немесе объектілеріне тасымалдау.
      14. Мамандандырылған кәсіпорындар – қалдықтарды жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмуді жүзеге асыратын ұйымдар.
      15. Санитариялық тазарту – мақсаты елді мекенде халықтың тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын іс-шаралар жүйесі.
      16. Сұйық қалдықтар – сарқынды сулардан басқа сұйық түрдегі кез келген қалдықтар.
      17. Тротуар – жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі.
      18. Үй – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Үйдің жер асты бөлігі болуы мүмкін.

3. Елді мекендердің объектілерін, аумақтарын тазалау және күтіп-ұстау

      19. Барлық меншiк нысанындағы жеке және заңды тұлғалар облыстың елді мекендерінің абаттандырылуын, көгалдандырылуын және санитариялық тазартылуын қамтамасыз етеді.
      20. Облыстың елді мекендерінің аумағында:
      1) көшелерді, алаңдарды және қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындары аумақтарын ластауға;
      2) көлік құралдарын арнайы белгіленген орындардан өзге жерде жууға;
      3) бұрқақтарда шомылуға;
      4) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын жеке тұлғалардың белгіленген жерлерден тыс хабарландыруларын орналастыруға рұқсат берiлмейдi. Аталған хабарландыруларды жеке иеліктегі объектілерде орналастыру меншік иелерінің рұқсатымен болады. Үгіт баспа материалдардың орналастырылуы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      21. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындарының аумағында орналасқан қоғамдық тамақтандыру және ұсақ сауда-саттық объектілерін ұстау олардың меншік иелері есебінен жүргізіледі.
      22. Қоғамдық пайдаланудағы орындарда жаяу жүрушілердің жолына кедергі жасамайтын қоқысқа арналған жәшіктер орналастырылады.
      23. Қоқысқа арналған жәшіктерді тазарту олардың толуына қарай жүргізіледі. Қоқысқа арналған жәшіктерді жуу ластануына қарай жүргізіледі. Қоқысқа арналған жәшіктердің сырлауын меншік иелерi қажеттілігіне қарай жүзеге асырады.
      24. Қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындарының аумақтары қоғамдық дәретханалармен жабдықталады.
      25. Инженерлік коммуникациялардың меншік иелерi:
      1) коммуникациялардың күтiп-ұсталуын, жөнделуін және құдықтар мен коллекторлардың тазартылуын жүзеге асырады;
      2) коммуникациялардың жұмыс істеуімен байланысты апаттардың салдарын жоюды қамтамасыз етедi.
      26. Қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындарының аумақтарын күтіп-ұстау және жинау осы объектілер қызмет көрсетуде және пайдалануында тұрған ұйымдармен жүргізіледі. Көше-жол желілерін, алаңдарды, қалған қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындары аумағын күтіп ұстауды және жинауды мемлекеттік тапсырыс көлемінде атқарушы орган қамтамасыз етеді.
      27. Көшелердiң жүретiн бөлiгiн, өтпе жолдарды, тротуарлар және аула аумақтарын тазарту жұмыстарының технологиясы және өткізу тәртібі ауа райы жағдайына қарамастан, көлiк құралдарының және жаяу жүргiншiлердiң кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ете отырып, жүзеге асырылады.
      28. Жазғы мерзімде даңғылдардың, көшелердiң және өтпе жолдардың жол төсемелерiн сыпыру жол төсемелерін алдын-ала дымқылдау арқылы жүзеге асырылады.
      29. Жолдың жүретін бөлiгi және жиегі барлық ластану түрлерiнен толық тазартылады.
      30. Объектілердің аумақтарын тазарту және күтіп-ұстау объектілердің меншік иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.
      31. Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың санитариялық-қорғалатын аумақтарын жинауды сол кәсiпорындардың меншік иелерi қамтамасыз етеді.
      32. Тротуарларда орналасқан сыртқы жарық бағаналарының дiңгектері мен тіректерінің айналасындағы аумақтарды тазартуды тротуарларды тазартуға жауап беретін кәсiпорындар жүргiзедi.
      33. Трансформаторлық, таратқыш шағын станциялардың, инженерлiк құрылғылардың, сондай-ақ электр беретін желiлер бағаналарының аумақтарын тазартуды осы объектілердің меншік иелерi қамтамасыз етеді.
      34. Жер үстi инженерлік құрылғыларының астындағы қорғалатын аймақтардың аумақтарын тазартуын және күтіп-ұстауын желiлердiң меншік иелерi қамтамасыз етеді.
      35. Жер учаскелердің аумақтарын тазарту жер пайдаланушылар қамтамасыз етеді.
      36. Қысқы жинау операцияларына:
      1) қарды күреу және сыпыру;
      2) көшелердің көлік жүретін бөлігін, тротуарларды көктайғаққа қарсы қолданылатын арнайы материалдармен өңдеу;
      3) кейіннен шығаруға арналған қар үймегін қалыптастыру;
      4) қарды жою (шығару);
      5) нығыздалған қар мен пайда болған мұзды опырып алу және жою жатады.
      37. Елдi мекендердің жерлерiнде көктайғаққа қарсы күрес жүргізу үшiн ас тұзын пайдалануға жол берілмейді.
      38. Көшелерден және өтпе жолдардан шығарылатын қарды жинап қою тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша атқарушы органмен белгіленетін арнайы дайындалған алаңдарда жүзеге асырылады. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинап қою орындары қоқыстан тазаланады және абаттандырылады.
      39. Қыс мезгілінде жолдар, шағын сәулет объектілерінің элементтері, сондай-ақ олардың айналасындағы кеңістік, оларға жете беріс қардан және қызылсу мұздан тазартылады.
      40. Аула аумақтарынан және орам ішіндегі өтпе жолдардан жиналған қарды аулалардың аумақтарында, автокөліктің ыңғайлы өтуіне және жаяу жүрушілердің жүруіне кедергі жасамайтын және жасыл желектерден, көгалдардан бос жерлерде жинап қоюға рұқсат беріледі. Аула ішіндегі аумақтарда қарды жинап қою кезінде ерiген қар суының ағуы қарастырылады.
      41. Қыс мезгілінде үйлер, құрылыстар және ғимараттардың меншік иелерiмен шатырларды қардан, қызылсу мұздан және сүңгiлерден уақытылы тазарту қамтамасыз етіледі.
      42. Үйлердің шатырларын тазартуға тек қана тәуліктің жарық уақытында алдын ала қауіпті учаскелерге қоршау қою арқылы рұқсат беріледі. Көше жағына қараған шатыр құламасының үстінен қар және қызылсу қар тротуарларға, қалған шатыр құламасынан, сондай-ақ жайпақ шатырлардан ауланың iшкi аумақтарына түсiрiледі. Үйлердің шатырларынан түсірілген қар және қызылсу мұз уақытылы шығарылу тиіс.
      43. Су ағар құбырларға қар, мұз және қоқыстарды тастауға рұқсат берiлмейдi.
      44. Заңды және жеке тұлғаларға, жеке тұрғын үйлердің иелерін қоса алғанда, меншікке іргелес аумаққа санитариялық тазартуды өз бетімен жүргізуге ұсыныс беріледі.
      45. Үйлердің және ғимараттардың меншік иелерi кiре берiстердің, көрмелердің, маңдайшалардың, сыртқы жарнама орналастыру құралдарының таза және дұрыс қалпының сақталуын қамтамасыз етеді, үйлер және ғимараттардың қасбетін және олардың жекелеген элементтерін қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жөніндегі жұмыстарды уақытында жүргізеді, сондай-ақ үйдің нөмірлік белгісін, ескерткіш тақталардың тазалығын және дұрыс қалпын сақтайды.
      46. Қабырғаға бекiтiлген барлық болат элементтер тот басудан қорғау мақсатында үнемі сырланады.
      47. Тұрғын үй және қоғамдық мәні бар үйлердің кіріс топтары жарық беретін жабдықпен, төбемен (күнқағарымен), үстіңгі беттің қабаттасатын элементтерімен (баспалдақтар), мүгедектерді басқа жерге апаруға арналған құралдар және құрылғылармен (пандустар, қанаттар) жабдықталады.
      48. Рыноктардың аумақтарын күтіп - ұстау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 "Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      49. Аумақты жинау, түсi кеткен, жыртылған ақпараттық тасымалдаушылардың, сондай-ақ тақырыбы ескiргендердің ауыстырылуын қоса алғанда сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің күтіп ұсталуын жарнама құрылымдарының меншік иелері қамтамасыз етеді.
      50. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 "Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесіне сәйкес орналастырылады.
      51. Шағын сәулет объектілерінің меншік иелері олардың күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.
      52. Сыртқы жарық қосылуы табиғи жарық деңгейі төмендеген жағдайда техникалық шарттарына сәйкес өңдіріледі.
      53. Сыртқы жарық элементтерін, жарық жарнама және маңдайшаларды күтіп-ұстау және пайдалану "Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1354 қаулысына сәйкес қамтамасыз етіледі.

4. Жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау

      54. Облыстың елді мекендерінің аумағында орналасқан барлық жасыл желектер кімнің қарамағында тұрғанына қарамастан, облыстың елді мекендері аумақтарының бірыңғай жасыл қорын құрайды және жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға және сақталуға жатады.
      55. Жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, абаттандыру және көгалдандыру туралы мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау жөніндегі функцияларды заңнамаға сәйкес орындауға уәкілетті атқарушы органға, сондай-ақ қарамағында жасыл екпелер бар жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.
      56. Жасыл желектерді күтіп-ұстауға көгалдандыру жөніндегі жұмыстардың мынадай негізгі түрлері енеді:
      1) жасыл желектерді егу;
      2) бағана жанындағы шұңқырларды орнату арқылы топырақты қопсыту, ағаштарды ақтау;
      3) гүлзарларды, көгал алаңдарын жасау, арамшөптерді отау, шөпті шабу;
      4) вегетациялық кезең бойы жасыл желектерге су құю;
      5) жасыл желектерді кесу, көшіріп отырғызу, шауып тастау (апаттық, құрғап қалған, бүліне бастаған ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу);
      6) тыңайтқыштарды енгізу;
      7) жасыл желектердің зиянды жәндіктер және аурулармен күресу.
      57. Бар жеке тұрғын үйдің, азаматтардың саяжай және бақ учаскелерінің аумақтарында және елді мекендердің коммуналдық қызметтерінің қарамағындағы зират учаскелеріндегі жасыл екпелерді шауып тастау, кесу және көшіріп отырғызуды қоғамдық табиғатты пайдалану тәртібімен меншік иелері өздерінің қарауы бойынша жүзеге асырады.
      58. Құрылыс-монтаждық жұмыстары, сондай-ақ аумақты абаттандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жасыл екпелерді амалсыздан шауып тастау өз еркімен жойылады немесе өтеледі (орнына толтырылады).
      59. Жасыл желектерді амалсыздан шауып тастағаны үшін зиянды өтеу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнің 322-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      60. Құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақтауға жататын барлық желектер олардың қорғау тиімділігін қамтамасыз ететін арнайы қорғау қоршауларымен механикалық және басқада зақымдар келтіруден сақталады.
      61. Көгалдандыру желектері аумақтарында мал бағуға рұқсат берілмейді.

5. Қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу, кәдеге жарату, зиянсыз ету, тасымалдау, сақтау және жою

      62. Қызметi нәтижесiнде өндiрiс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың меншiк иелерi болып табылады және, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қалдықтармен жұмыс iстеу талаптарын айқындайтын шарттар өзгеше көзделмесе, қалдықтар құралған кезден бастап олармен қауiпсiз жұмыс iстеу үшiн жауапты болады.
      63. Коммуналдық қалдықтарды олар сақталатын және өңделетiн белгiленген жерге тасымалдауды және жинауды қалдықтардың меншiк иелерiнiң есебiнен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.
      64. Қалдықтардың меншiк иесi қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесiн немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөнiндегi операцияларды атқаратын субъектiлердiң қызмет көрсетулерiн пайдаланады не қалдықтарды орналастыру мен жою жөнiндегi операцияларды дербес жүзеге асырады.
      65. Контейнерлерден түсіру кезiнде шашылған қоқысты жинауды, оларды сақтау және қайта өңдеудің белгіленген орынға коммуналдық қалдықтардың тасымалдалуын және жинауын жүзеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындардың қызметкерлерi жүргізеді.
      66. Канализацияландырылмаған елді мекендерде қатты және сұйық қалдықтарды бөлек жинау жүргізіледі. Сұйық қалдықтарды су өтпейтін қазылған шұңқырларға жинайды және ассенизациялайтын көлікпен ассенизациялық алқаптарға немесе жер жырту алқаптарына шығарылады.
      67. Тұрмыстық қалдықтарды жинау және жинап қою орындарына сынабы бар қалдықтарды лақтыруға рұқсат берілмейді.
      68. Қоқыс салғышқа сұйық тұрмыстық қалдықтарды және ірі көлемдегі қоқысты тастауға рұқсат берілмейді.
      69. Қалдықтарды залалсыздандыру және жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      70. Коммуналдық қалдықтарды көму арнайы жабдықталған полигондарда жүргізіледі.
      71. Коммуналдық қалдықтарды көмудi, қалдықтар полигондарын жасау мен пайдалануды коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар және осы салада маманданған өзге де ұйымдар жүзеге асырады.

6. Қағидаларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      72. Осы Қағидаларды бұзған кіңәлі заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне сәйкес жауап береді.
      73. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бұзушыларға әкiмшiлiк жауапкершілік шараларын қолдану келтiрген материалдық зиянды өтеуден, жіберілген қателіктерді жоюдан және осы Қағидалармен көзделген талаптарды орындаудан босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады