Қашар және Горняцк кенттері әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № 952 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 2 шілдеде № 4169 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 1323 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 17.07.2014 № 1323 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп Қашар, Горняцк кенттері және Перцев ауылының аумағында Қашар және Горняцк кенттері әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Скарединаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Рудный
      қаласының әкімі                            Б. Ғаязов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Рудный қалалық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      __________ Ю. Нагерняк

Әкімдіктің       
2013 жылғы 3 маусымдағы
№ 952 қаулысына қосымша

Қашар және Горняцк кенттері әкімдеріне
кандидаттар үшін үгіттік баспа
материалдарын орналастыру
үшін орындар

      1. Қашар кенті:
      Рудный қаласы әкімдігінің "КҮН" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанындағы қалқан;
      2-шағын аудан, № 72 үйдің жанындағы қалқан;
      2-шағын аудан, № 84 үйдің жанындағы қалқан.
      2. Горняцк кенті, Рудный қаласы әкімдігінің "Горняцк поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы қалқан.
      3. Перцев ауылы, "Рудный қаласының № 12 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің шағын орталығы ғимаратының жанындағы қалқан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады