Бейімбет Майлин ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 236 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 шілдеде № 4188 болып тіркелді. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 543 қаулысымен. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 543 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданындағы Апановка теміржол станциясының аумағында орналасқан № 1, № 55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 543 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің директоры
      ___________________ Б. Кенжебаев
      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны қорғау министрлігінің Су
      ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
      бассейндік инспекциясы"
      республикалық мемлекеттiк
      мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Оспанбекова

  Әкімдіктің
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 236 қаулысына қосымша

Бейімбет Майлин ауданындағы Апановка теміржол
станциясының аумағында орналасқан № 1, №
55а ұңғымалар учаскесінде шаруашылық-ауыз
су тартудың санитарлық қорғау аймақтары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 543 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Су тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 1,
№ 55а
ұңғымалар

Радиусі -
әр
ұңғыманың
айналасында
50 метр

1,57
гектар

Ұзындығы –
75,4
метр
Барынша
ені –
58 метр

2,8
гектар

Радиусі -
233,7
метр

38,8
гектар

      Ескерту: алынып тасталды – Қостанай облысы әкімдігінің 25.12.2019 № 543 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады