Әкімдіктің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 359 "Әулиекөл ауданында 2013 жылға тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 344 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 қазанда № 4252 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 359 "Әулиекөл ауданында 2013 жылға тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3982 тіркелген, 2013 жылдың 24 қаңтарында "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1) кіріспе сөзбасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7–бабының 2) тармақшасына, 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.С. Нұғмановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Балғарин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" ММ
      басшысының міндетін атқарушы
      __________________ Тетелюк Л.Е.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады