Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы N 912/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 қаңтарда N 3679 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 21/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 11.01.2016 № 21/1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" N 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Б. Бақауов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 27 желтоқсандағы
N 912/5 қаулысымен
бекітілді

Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік
қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының осы қағидалары (бұдан әрi – Кағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" N 651 Жарлығына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидалардың әрекеті Ақсу қаласының бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне таралады.
      3. Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдарының басшылары мемлекеттiк қызметшiлерді Қағидалармен таныстырылуын қамтамасыз етеді.
      4. Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері Қағиданы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары

      5. Мемлекеттiк қызметшi:
      қызметтік міндеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, мораль мен ар-ұяттың жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес жауапкершілікпен және адал атқаруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі мен осы Қағидалардың нормаларын мүлтіксіз сақтауға;
      мемлекеттiк билiктiң беделiн, мемлекет институттарға азаматтардың сенімін нығайтуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын сақтауға, мемлекеттің мүддесін қорғауға;
      өзіне талап қойғыш, принципшіл, шыншыл және турашыл болуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және басқа құқық бұзушылықтарға төзімсіз болуға;
      өздерінің құзыреттері шегінде шығарған басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларын, жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың шешімдері мен нұсқауларын сапалы және уақтылы орындауға;
      қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормаларын ескере отырып, жұмыс уақытын еңбек өнімділігі үшін тиімді пайдалануға, денсаулығына және жеке басының немесе жұмыстағы әріптестерінің қауіпсіздігі үшін қауіп-қатерлі болуы мүмкін кез келген оқиға туралы хабардар етіп отыруға;
      мемлекеттік қызметші ретінде өзінің, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасамауға;
      өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiмнiң iскерлiк қалпын ұстануға;
      қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиісті.

3. Жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынас

      6. Мемлекеттік қызметші:
      егер мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамамен көзделген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысса, жеке және заңды тұлғаларға нақты, уақтылы, тиімді қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдауға;
      жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырып отыруға;
      жеке және заңды тұлғаларға төзімділікпен және құрметпен қарауға;
      жеке және заңды тұлғаларға қатысты немқұрайлыққа және ұқыпсыздыққа жол бермеуге;
      шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне қарай немесе кез келген өзге де себептермен жеке және заңды тұлғалардың беделін түсіруге жол бермеуге тиісті.

4. Әріптестерімен өзара қарым-қатынас

      7. Мемлекеттік қызметші:
      әріптестеріне қатысты сыпайылық және әдептілік танытуы тиіс;
      әріптестеріне ресми түрде өтініш білдіруге;
      жұмыстағы әріптестерімен қарым-қатынас кезінде қатыгез мінез-құлық танытуға, сондай-ақ балағат сөздерді пайдалануға жол бермеуге;
      әріптестерінің және басшылықтың сыны мен ескертулерін дұрыс қабылдауға, сондай-ақ жіберілген қателіктерін дер кезінде мойындай білуге;
      шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де себептерге қарамастан әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
      қажет болған жағдайда әріптестеріне кеңес беру немесе бұзушылыққа жол бермеу туралы ескерту арқылы көмек көрсетуге;
      бөтен адамның идеялары мен бастамаларын иеленуден бас тартуға;
      қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге;
      адами қасиеті мен кәсіптік шеберлігіне нұқсан келтіретін әріптестері туралы ақпарат таратпауға;
      әріптестеріне қатысты сыпайлыққа жатпайтын қылықтарға жол бермеуге тиісті.

5. Басшылардың мінез-құлық қағидаттары

      8. Басшы:
      ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға және сақтауға, қарамағындағылардан жоғары моральдық-психологиялық, адамгершілік және кәсіптік шеберлік қасиеттерін тәрбиелеуге;
      қарамағындағылардың адами қасиетін құрметтеуге, оларға қатысты әділдік танытуға;
      бағыныстағы қызметкерлермен халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапалы ұсынуына бақылау жүргізу;
      функционалдық міндеттерді атқаратыны және тиісінше атқармайтыны үшін бірдей талаптар қоюға;
      ұжымдағы еңбек тәртібінің, моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жүйелі түрде талдап отыруға;
      жоғары тұрған басшыға қарамағындағылар жасаған қылмыстар, құқық бұзушылықтар және еңбек тәртібін бұзу туралы дереу баяндап отыруға тиісті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады