Баянауыл ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 наурыздағы N 78/14 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 сәуірде N 3509 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 03 ақпандағы N 150/29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 03.02.2014 N 150/29 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56–бабы 1–тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-4 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 97–бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Баянауыл ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы               М. Базаров

Баянауыл аудандық мәслихатының
(V сайланған кезекті ХІV сессия)
2013 жылғы 26 наурыздағы    
N 78/14 шешімімен         
бекітілді              

Баянауыл ауданы бойынша аз қамтамасыз етiлген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегiн беру ЕРЕЖЕЛЕРI

      Осы Ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-4–бабы 1–тармағының 2) тармақшасына және 97–бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегiн беру Ережелерiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын бюджет қаражаты есебiнен қолдау мақсатында әзiрлендi.

1. Негiзгi ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
      5) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      2. Тұрғын үй көмегi — бұл Баянауыл ауданының аумағында орналасқан тұрғын үйде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) жергiлiктi бюджет қаражаты есебінен мемлекеттен ұсынылатын төлемдер:
      1) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абонеттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      2) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
      3) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеу.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Баспананы ұстаудың және коммуналдық қызметтердi пайдаланудың, телекоммуникация желiсiне қосылған, телефонға абоненттiк төлемi ұлғайғандағы байланыс қызметтерiн және тұрғын үйдi ұстауға жалға алу төлемiне арналған шектi мүмкiн болатын шығындар үлесi аз қамтамасыз етiлген азаматтарға, жұмыссыздарға, зейнеткерлерге, 1, 2-топтағы мүгедектерге, жұмыс iстейтiн азаматтарға 7 (жеті) пайыз – мөлшерiнде отбасының жиынтық табысына белгіленеді.
      3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай–ақ жекешендірілген тұрғын үй–жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      4. Тұрғын үй көмегiн алуға құқықтары жоқтар:
      1) отбасының бір мүшесі жеке меншiгiнде бiр үй-жайдан артық тұрғын-үй (пәтер, үй) бар, не болмаса тұрғын үй-жайларды жалға берушілер;
      2) жұмысқа жарамды отбасы мүшесi жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскери қызметте жоқ және жұмыссыз ретiнде тiркелмегендердiң отбасылары.
      Бұған қосылмайтындар қатарына: үнемi күтiмдi керек ететiн болып танылған мүгедектердi күтудi жүзеге асыратын тұлғалар; жетi жасқа дейiнгi (бiр немесе одан да көп) балалардың тәрбиесiмен айналысатын тұлғалар; төрт және одан да көп, соңғы баланың бiрiншi сыныпты бiтiргенге дейiн тоғыз жастан аспауы тиiс), балалардың тәрбиесiмен айналысатын көп балалы аналар; жүктi әйелдер, зейнетақы алдындағы жастағы жұмыс iстемейтiн тұлғалар (зейнетке шығуға екi жыл қалғандар); туберкулез, психоневрологиялық аурулары, онкологиялық диспансерлерде есепте тұрған тұлғалар; барлық топтағы мүгедектер.
      5. Баспананы ұстаудың, коммуналдық қызметтердi пайдаланудың, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, телекоммуникация желiсiне косылған, телефонға абоненттiк төлемi ұлғайғандағы байланыс қызметтерiн және тұрғын үйдi ұстауға жалдық төлемi бойынша тұрғын үй көмегi өтiнiш берген тоқсанның алдағы тоқсанға өтiнiш беру құқы басталған күннен бастап, сол тоқсанға тағайындалады.
      6. Тұрғын үй көмегi алушының жазбаша өтiнiшiнде көрсетiлген, тауар мен қызметтердi жабдықтаушының жеке шотына қаражаттарды аудару арқылы меншiк иесiне есептелiнген сомамен салыстырғанда баспананы ұстауға және коммуналды қызметтерiнiң төлемдерiн азайту ретiнде қолмақолсыз түрде берiледi екiншi денгейдегi банктердегi немесе жекелей түрдегі банктік операцияларды жүзеге асыруға сәйкес лицензиялары бар ұйымдардың дербес есеп шоттарына аударылады.
      7. Көмек мөлшерi осы мақсатқа берiлген отбасының әлеуметтiк нормалар шамасында және шығындардың шектi мүмкін болатын деңгейлерiмен меншiк иесiнiң баспананы ұстау мен коммуналды қызметтердi пайдалану үшiн нақты төлемi арасындағы айырмашылық сияқты есептеледi.
      8. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi баспананы ұстау үшiн және коммуналдық қызметтерге аударылған төлемақы құнынан аса алмайды.
      Баспананы ұстаудың және коммуналды қызметтердi пайдаланудың төлемi, белгiленген нормадан тыс, соның iшiнде тағайындау бойынша жалпы негiздерде жүргiзiледi.
      9. Көмектiң ең аз мөлшерi бiр тоқсанға айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң жартысынан кем болмауы керек.
      10. Әлеуметтiк шаманың төлем ауқымы мына көлемдегi сомалар болып табылады:
      1) үйді ұстауға бір шаршы метр пайдалы алаңның төлем ставкасын әлеуметтік норма алаңын, отбасы мүшелерiнiң санына шағып, көбейтеді;
      2) жалпы алаңдағы үйдiң бiр шаршы метрiне берiлетiн жылу қызметi мен жылу жүйелерiн ұстау қызметiн төлеу ставкасы әлеуметтiк шамаға көбейткендегi отбасы мүшелерiнiң санына шаға келе;
      3) отбасы мүшелерiне көбейтiлген күл-қоқыстарды шығару қызметiне төлем ставкасы;
      4) отбасы мүшелерi санына көбейтiлгендегi су құбыры мен канализация қызметiнiң төлем ставкасы;
      5) отбасы мүшелерi санына көбейтiлгендегi электр қуатын тұтыну қызметiнiң әлеуметтiк норма мөлшерiнде төлем ставкасы (нақты тұтынудан аспайтын);
      6) телефон үшiн абоненттiк төлемнiң ұлғаю бөлiгiнде байланыс қызметтерi.
      11. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлетiн тұрғын-үй аумағының әлеуметтiк мөлшерi:
      1) жалғыз басты және жалғыз тұратын азаматтар мен бiрiншi топтағы мүгедектерге пайдалы алаңның отыз шаршы метрi, бiрақ бiр бөлмелi пәтерден кем емес;
      2) екi немесе одан да көп адамнан тұратын отбасыларға - пайдалы алаңның он сегiз шаршы метрi, бiрақ бiр бөлмелi пәтерден кем емес.
      12. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлетiн электрқуатын тұтынудың әлеуметтiк шамасы адам басына 110 киловатт сағатты құрайды.
      13. Қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес қосымша аумаққа құқығы бар азаматтар үшiн нормативтi актiлермен белгiленген аумақ мөлшерiне әлеуметтiк шама көбейтiледi.

2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау тәртібі

      14. Тұрғын-үй көмегiн тағайындауды "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi жүзеге асырады.
      Өтiнiш иесi тұрғын үй көмегiн ресiмдеу үшiн "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлген үлгiде өтiнiш бередi.
      Өтiнiшке келесi құжаттар қоса берiледi:
      1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
      3) мекен-жай анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметі үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шот;
      9) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге арналған түбіртек.
      Тағайындауға өтiнiштердi қабылдау тоқсанның соңғы айының 25 күнiне дейiн жүргiзiледi.
      15. Отбасының орта жиынтық кiрiсiне уақыттың белгiленген кезеңi iшiнде ақшалай немесе натуралдық түрде Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерде алынған кiрiстердiң барлық түрлерi кiредi, келесiлердi қоспағанда:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын-үй көмегi;
      3) бала тууына байланысты бiржолғы жәрдемақы;
      4) жерлеу рәсімдеріне жәрдемақы;
      5) төтенше жағдайға тап болған тұлғаларға бiржолғы материалдық көмек (өрт, пәтер тонауы, ұзақ, бiр айға созылған сырқат және т.б).

3. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру

      16. Тұрғын үй көмегiне берiлетiн төлемақыны қаржыландыру аудандық маслихатпен бекiтiлген жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      17. "Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi коммуналдық қызметтердi беретін кәсіпорындарға аударылған сомалары көрсетілген тұрғын үй көмегін алушылардың тізімін қалыптастырады және ұсынады.
      18. Жалған мәлiмет барысында заңсыз тұрғын үй көмегін асыра алғаны үшiн, меншiк иесi бiр жыл мерзiмге тұрғын-үй көмегiн алу құқығынан айрылады. Заңсыз тағайындалған тұрғын үй жәрдемақысы сот тәртiбiнде қайтарылып беруге жатады.

Баянауыл ауданы бойынша аз қамтамасыз
етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын
үй көмегiн беру Ережесiне        
1-қосымша                  

"Баянауыл ауданының жұмыспен қамту    
және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" ММ бастығы
_______________________________________
_______________________________________
(Тегi, аты, әкесiнiң аты)
Мына мекенжай бойынша тұратын:
________________________________
_______________ көшесi, __ үй,
______пәт.
үй. тел. ______

Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы өтiнiш

     Мен,____________________________________________________________
      (жалдаушының (баспананың меншiк иесiнiң) аты-жөнi, туған жылы)
      Менiң _______________________________________ мекенжайы бойынша
      _____ адамнан тұратын отбасыма, тұрғын үйдi күтуге, тұтынылған
      коммуналдық қызметтерi мен байланыс қызметтерiне,
      телекоммуникацияның қалалық жүйесiне қосылған, телефонның
      абоненттiк төлемi тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы бойынша
      шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегiн тағайындауды сұраймын.
      Баянауыл ауданы бойынша аз қамтамасыз етiлген отбасыларына
      (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн беру Ережесiмен таныстым.
      20_ жылғы _____ тоқсанға тағайындалған тұрғын үй көмегiнiң аударылған сомасын келесi тәртiпте жiберуiңiздi сұраймын:
      Өтiнiшке жауап бергенге қанағаттандым, қанағаттанбадым (керегiн сызу керек).
      Жазбаша ескертуге мұқтажбын, мұқтаж емеспiн (керегiн сызу керек).

      ______           ____________
      (күнi)             (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады