2013 жылы субсидиялар алу тізіміне енгізу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдерін белгілеу және басымдықты ауылшаруашылық дақылдарды оңтайлы себу мерзімдері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы N 147/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 05 маусымда N 3546 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 12 қарашадағы N 401/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 12.11.2013 N 401/10 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" N 221 қаулысына сәйкес, Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылы субсидиялар алу тізіміне енгізу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдерін белгілеу және басымдықты ауылшаруашылық дақылдарды оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Б. Жармағамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Күлжан

Качир ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 20 мамырдағы
N 147/5 қаулысына    
қосымша           

2013 жылы субсидиялар алу тізіміне енгізу үшін өтінімдерді
ұсыну мерзімдерін белгілеу және басымдықты ауылшаруашылық
дақылдарды оңтайлы себу мерзімдері туралы

N

Дақылдар атауы

Өтінімдер ұсыну мерзімдері

Оңтайлы себу мерзімдері

1

бидай

30 мамырға дейін

15 мамырдан 25 мамырға дейін

2

арпа

30 мамырға дейін

15 мамырдан 25 мамырға дейін

3

сұлы

30 мамырға дейін

20 мамырдан 27 мамырға дейін

4

тары

31 мамырға дейін

10 мамырдан 30 мамырға дейін

5

қарақұмық

7 маусымға дейін

30 мамырдан 5 маусымға дейін

6

күнбағыс

30 мамырға дейін

1 мамырдан 15 мамырға дейін

7

картоп

30 мамырға дейін

3 мамырдан 17 мамырға дейін

8

көкөністер

15 тамызға дейін

5 мамырдан 10 тамызға дейін

9

біржылдық шөптер

3 маусымға дейін

20 мамырдан 31 мамырға дейін

10

ағымдағы жылдың көпжылдық шөптер

30 мамырға дейін

20 сәуірден 10 мамырға дейін

11

сүрлемге арналған жүгері

30 мамырға дейін

20 мамырдан 25 мамырға дейін

12

сүрлемге арналған күнбағыс

30 мамырға дейін

10 мамырдан 15 мамырға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады