Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" 2012 жылғы 8 маусымдағы N 2/536 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 23 мамырдағы N 2/430 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 маусымда N 981 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі N 2/309 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 28.04.2014 N 2/309 қаулысымен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1098 «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысына өзгерістер енгізу туралы», 2012 жылғы 9 қазандағы № 1278  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2315 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» және 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 387 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулыларына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» 2012 жылғы 8 маусымдағы № 2/536 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 945 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 шілдедегі «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспедегі «2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» сөздері «2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» сөздеріне ауыстырылсын;
      қаулының мәтініндегі және оның қосымшаларындағы «бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» сөздері «мерзімді баспа басылымдарын есепке алу» сөздерімен ауыстырылсын;
      қаулының мәтініндегі «баламалы» сөзі «баламасыз» сөзіне ауыстырылсын;
      5 тармақ келесі мазмұндағы 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      16) «жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) - ақпараттарды автоматтандырылған жинау, сақтау және өңдеу, Қазақстан Республикасында бірыңғай сәйкестендіруді ендіру және олар туралы мемлекеттік басқармаларға және басқа субъектілерге олардың өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес өзекті және сенімді ақпарат беру мақсатымен Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құру үшін арналған «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік деректер қоры;
      17) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты автоматты жинақтау, сақтау және өңдеуге арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДҚ);
      7 тармақтың 4 тармақшасында, 6 тармақтың 5, 6 тармақшаларында «жеке тұлғалар үшін» деген сөздің алдында «заңды тұлғалар үшін «Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын алушының жеке басын куәландыратын құжаттар мәліметтерін, алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы, филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы уәкілетті органның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы алады.»;
      «Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын алушының жеке басын куәландыратын құжаттар мәліметтерін, алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы, филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті* немесе анықтаманы уәкілетті органның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы алады.».
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;»
      аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінің 56 қосымшалары осы қаулының 12 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                 А. Есімов


      Енгізуші:

      Алматы қаласы Ішкі саясат
      басқармасының басшысы                  Б. Мәкен

      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің
      орынбасары                             З. Аманжолова

      Алматы қаласы әкімі аппараты
      заң бөлімінің басшысы                  А. Қасымова

      Алматы қаласы әкімі аппараты
      мемлекеттік қызметтерді көрсету
      сапасының сақталуын бақылау
      бөлімінің басшысы                      М. Сүйіндіков
 

Алматы қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 23 мамырдағы
№ 2/430 қаулысына
1 қосымша

«Алматы қаласы аумағында
таратылатын шетелдік мерзiмдi баспасөз
басылымдарын есепке алу» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
5 қосымша

Электрондық мемлекеттік қызметке өтініштің экрандық нысаны

Алматы қаласы Ішкі саясат
басқармасының басшысы
__________________________
Т.А.Ж.        

Алматы қаласы аумағында таратылатын
шетелдік мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке қою туралы
өтініш

Сізден Алматы қаласы аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді
баспа басылымдарын есепке алуды сұраймын.
Таратушының деректері:
____________________________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетумен жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның
                              атауы)
_____________________________________________________________________
                             (ЖСН/БСН)
_____________________________________________________________________
(тіркелген орны, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық
                              поштасы)

Р/c №

Шетелдік мерзімді баспа басылым-
дары атауының тізбесі

Шетелдiк мерзімді баспа басылымда-
рының таралу
аумағы

Таратылатын шетелдiк мерзімді баспа басылымда-
рының тiлi (тiлдерi)

Негiзгi
тақырыптық бағыттылы-
ғы

Мерзім-
ділігі

Таратыла-
тын даналары-
ның болжамды саны








Қосымшалар: 1. _________________________
            2. _________________________
бірінші басшының/жеке кәсіпкердің қолы

М.О. 20__ ж. «___» _____________________

Алматы қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 23 мамырдағы
№ 2/430 қаулысына
2 қосымша

«Алматы қаласы аумағында
таратылатын шетелдік мерзiмдi баспасөз
басылымдарын есепке алу» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентіне
6 қосымша

Электрондық мемлекеттік қызметке шығыс құжаттың
нысаны

Алматы қаласы
Ішкі саясат басқармасы

Алматы қаласы аумағында таратылатын
шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы
анықтама

№__________________                       20__ ж. «___» __________
   (тiркеу нөмiрi)

      Осы анықтама Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сәйкеc______________________________берілген
      (таратушының атауы және оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны)
және шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын 20___ ж. «___»__________
бастап есепке алынғанын растайды.

      Шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдары атауының толық тізбесі:
      1. ________________
      2. ________________
      3. ________________
      4. және т.б.

      Шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарының таралу аумағы:
      ______________________________________________________________

      Осы анықтама 20____ ж.«_____» ____________ дейiн жарамды.
      Ішкі саясат басқармасының басшысы __________
                                   қолы

      МО 20__ ж. «___»___________


Шығыс құжаттың (бас тарту) нысаны

Шетелдік мерзiмдi баспасөз басылым есепке қою туралы
бас тарту
(жергілікті атқарушы органның атауы, анықтаманы беруші)

      1) Үкіметтің № 843 қаулысының 6-тармағында қарастырылған барлық қажетті құжаттардың ұсынылмауы;
      2) құжаттарда толық емес немесе сенімді емес ақпарат көрсетілген;
      3) шетел мерзiмдi баспасөз басылым материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсiздiгіне нұқсан келтiруге, соғысқа, әлеуметтік, тектiк-топтық, дiни, нәсілдiк, ұлттық және рулық басымдыққа, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа және порнографияға табынушылыққа үгіттеу немесе насихаттаудың болуы;
      4) тұтынушыға қатысты қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімінің болуы;
      5) шетелдік мерзiмдi баспасөз басылым өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таралуына тыйым салу туралы сот шешімінің болуына орай

Р/c №

Шетелдік мерзімді баспа басылым-дары атауының тізбесі

Шетелдiк мерзімді баспа басылымда-
рының таралу аумағы

Таратыла-
тын шетелдiк мерзімді баспа басылым-
дарының тiлi (тiлдерi)

Негiзгi тақырып-
тық ба-
ғыттылығы

Мер-
зім-
ділі-
гі

Тараты-
латын данала-
рының
болжамды саны

      есепке қою мүмкін емес.

      Алматы қаласы Ішкі саясат
      басқармасының басшысы ___________________
                                    (Т.А.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады