Алматы қаласы әкімдігінің "Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" 2012 жылғы 5 қарашадағы № 4/929 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 2 тамыздағы N 3/680 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 16 тамызда N 994 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 мамырдағы N 2/350 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 13.05.2014 N 2/350 қаулысымен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» 2012 жылғы 5 қарашадағы № 4/929 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 957 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспедегі «Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына» сөздері «Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 3 тармағына» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Алматы қаласы Туризм басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                 А. Есімов


      Енгізуші:

      Алматы қаласы
      Туризм басқармасының басшысы           Б. Жоламанов

      Келісілді:

      Алматы қаласы әкімінің орынбасары      М. Құдышев

      Алматы қаласы әкімі аппараты
      заң бөлімінің басшысы                  А. Қасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады