Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2013 жылы басым ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 9 шілдедегі N 1219 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 12 шілдеде N 2322 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 19 тамыздағы N 1549 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 19.08.2013 N 1549 қаулысымен

      «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдері және Петропавл қаласында 2013 жылы басым ауыл шаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері анықталсын, қосымшаға сай.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Б. Байбақтиновқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 10 мамырдан бастап туындағандарға қатысты таратылады.

      Қала әкімі                                 Т. Закариянов

Петропавл қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 9 шілде
№ 1219 қаулысына қосымша

Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін және Петропавл қаласында 2013 жылы басым ауылшаруашылық дақылдарын егудің оңтайлы мерзімдері


р/
р

Дақылдардың атауы

Өтінім беру мерзімдері

Егу мерзімдері

1

Картоп

2013 жылғы 20 шілдеге дейін

15.05.2013 жылғы – 30.05.2013 жылғы

2

Сәбіз

2013 жылғы 20 шілдеге дейін

10.05.2013 жылғы – 20.05.2013 жылғы

3

Қызылша

2013 жылғы 20 шілдеге дейін

25.05.2013 жылғы – 5.06.2013 жылғы

4

Орамжапырақ көшеті

2013 жылғы 20 шілдеге дейін

25.05.2013 жылғы – 12.06.2013 жылғы

5

Қияр

2013 жылғы 20 қыркүйекке дейін

01.09.2013 жылғы – 30.12.2013 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады