Петропавл қаласында Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуіне үй-жай беруге және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі N 1697 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 қыркүйекте N 2365 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы N 02.14/03-03/2710 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 11.12.2013 N 02.14/03-03/2710 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 28-бабының 46-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Петропавл қаласында Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындар белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
      2. Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың Петропавл қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде Қаныш Сәтбаев атындағы көше, 37 мекенжайында орналасқан «Қалалық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны үй-жайы берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. С. Баллоға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Т. Закариянов

      «Келісілді»

      Петропавл қалалық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     Н. Петров
      13 қыркүйек 2013 жыл

Петропавл қаласы әкімдігінің
13 қыркүйек 2013 жылғы
№ 1697 қаулысына
қосымша

Петропавл қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған Петропавл қаласындағы орындар

Елді мекеннің атауы

Орналасқан жері

Орналастыру үшін объектінің атауы

1

Петропавл қаласы

Интернациональная - Астана көшелерінің қиылысы, «Колос» қонақ үйінің жаны

Металл қалқандар

2

Петропавл қаласы

Парковая - Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы

Металл қалқандар

3

Петропавл қаласы

Жамбыл атындағы көшедегі «Тайга» сауда үйіне кіреберіс жаны

Металл қалқандар

4

Петропавл қаласы

В. Б. Кошуков атындағы көшедегі «Пирамида» сауда үйіне кіреберіс жаны

Металл қалқандар

5

Петропавл қаласы

Мұхтар Әуезов атындағы және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысындағы қалалық Мәдениет және демалыс саябағының орталық кіреберісінде

Металл қалқандар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады