Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған мақсатты топтарды анықтау және қосымша тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы N 61 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 сәуірде N 2235 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 2014 жылғы 21 қаңтардағы N 7.1.8-12/22 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 21.01.2014 N 7.1.8-12/22 хаты)

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2013.10.31 N 440 Қаулысымен

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:ДІ:
      1. 2013 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тұратын мақсатты топтар анықталсын:
      1) аз қамтамасыз етілгендер;
      2) жиырма бip жасқа дейiнгi жастар;
      3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      12) жұмыс берушi - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi - жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады.
      2. 2013 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) отбасыларында бірде-біреуі жұмыс істемейтін тұлғалар;
      3) елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар;
      4) он екі ай және одан да артығырақ жұмыс істемеген тұлғалар.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданы әкімінің м.а.                  Ө. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады