"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған мақсатты топтарды анықтау және қосымша тізбесін анықтау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 61 қаулысына өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы N 440 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 қарашада N 2404 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 2014 жылғы 04 мамырда N 7.1.8-12/184 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасарының 4.05.2014 N 7.1.8-12/184 хаты)

       «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған мақсатты топтарды анықтау және қосымша тізбесін анықтау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2235 тіркелген, 2013 жылғы 2 тамыздағы «Есіл таңы» және «Ишим» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
      кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Айнагүл Кәкімжолқызы Бектасоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                         М. Әбішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады