Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында селолық округтер әкімдеріне кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және таңдаушыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 шілдедегі N 184 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 шілдеде N 2307 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 қазандағы N 296 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 01.10.2013 N 296 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 46-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидасының 29-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жамбыл аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Cолтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгiттік баспа материалдарын орналастыруға орындар 1-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Cолтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттар тыңдаушылармен кездесуiн өткiзу үшiн үй-жайлар шарттық негiзде 2-қосымшаға сәйкес ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппарат басшысы Елена Михайловна Пестоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2013 жылғы 27 шілдедегі пайда болған қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Жамбыл аудан әкiмi                         О. Қаппасов

      «КЕЛIСIЛДI»

      Жамбыл аудандық сайлау
      комиссиясының төрайымы                     Л. Топорова
      2013 жыл 3 шілде

Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 3 шілдедегі № 184
қаулысына
1-қосымша

Cолтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында селолық округ әкімдерінің барлық кандидаттарына үгіт-насихаттау материалдарын орналастыруға арналған орындар

Р/
с

Селолық округтердiң атауы

Үгiт-насихаттық баспа материалдарын орналастыруға арналған құрылыстардың орындары және мекенжайлары

1

Преснов

Ақпараттық тақта, Пресновка селосы, Е. Шайкин көшесі, Орталық алаң

Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 3 шілдедегі № 184
қаулысына 2-қосымша

Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында селолық округтердің әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулерін өткізу үшін шарт негізінде ұсынылған үй-жайлар


р/
р

Ауылдық (селолық) округтің атауы

Тыңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін үй-жайдың мекен-жайы

1

Преснов

Пресновка селосы, Орталық кітапхана, Потанин көшесі, 26

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады