Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушыларына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 114 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 мамырда № 2732 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 268 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау қаласының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитын білім алушылары үшін (оқу демалыс кезеңдерін және демалыс күндерін есептемегенде) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
      1) оқу мекемесінің білім алушыларына бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгіні қоса алғанда тегін жол жүру;
      2) жоғары оқу орындарының және колледждердің білім алушыларына қолданыстағы тарифтің 50% төлеу.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және жастар ісі, әйелдер істері және отбасылық–демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Шеркешбаева).
      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      ХІІІ сессия төрайымы Б. Хаменова
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Қазиманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады