2013 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 127 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен 2013 жылғы 19 наурызда № 2254 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімі аппаратының 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 80 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімі аппаратының 15.01.2014 № 80 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және олардың қаржыландырудың көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С.Ертай

Арыс қаласы әкімдігінің
2013 жылғы 14 наурыздағы
№ 127 қаулысымен бекітілген

2013 жылы арналған қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемі және олардың қаржыландырудың көздерi

р/с

Ұйымдардың атауы

Қоғамдық жұмысқа қатысушылар саны

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері

1

Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

40

Жұмыссыз азаматтарға құжаттарды рәсімдеу және «Жұмыссыз» базасына мәліметтерді енгізу 1600 іс, құжаттарды тігу 900 іс, мұрағат құжаттарын өңдеуге көмек көрсету - 500 іс.

Жергілікті бюджет

2

Арыс қаласының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

100

Көшелерді және аумақтарды қоқыстардан тазалау - 60000 шаршы метр, көшеттерді отырғызу - 800 дана, гүл отырғызатын жерлерді бөлшектеу - 3000 шаршы метр, талдарды ақтау - 1800 дана.

Жергілікті бюджет

3

«Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Арыс ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

30

«Тәртіп», «Сақшы» бағдарламасы негізінде ішкі істер полиция инспекторларына көмектесу.

Жергілікті бюджет

4

Арыс қаласы «Сырдария ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

25

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту - 30000 шаршы метр.

Жергілікті бюджет

5

Арыс қаласы «Монтайтас ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

25

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту - 30000 шаршы метр.

Жергілікті бюджет

6

Арыс қаласы «Байырқұм ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

25

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту - 30000 шаршы метр.

Жергілікті бюджет

7

Арыс қаласы «Жиделі ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

25

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту - 30000 шаршы метр.

Жергілікті бюджет

8

Арыс қаласы «Ақдала ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

25

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту - 30000 шаршы метр.

Жергілікті бюджет

9

Арыс қаласы «Дермене ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

25

Ауылдық аймақтарды көгалдандыру, ауылды көріктендіру, қоқыстарды тазарту - 30000 шаршы метр.

Жергілікті бюджет

10

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің Арыс қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

20

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау - 1000 бет, факс жіберу - 350 бет, мәтіндерді басу және шығару - 400 бет, хаттарды жеткізу - 600 хат.

Жергілікті бюджет

11

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Арыс қаласының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

20

Ағымдағы құжаттармен жұмыс жасау - 1000 бет, факс жіберу - 350 бет, мәтіндерді басу және шығару - 400 бет, хаттарды жеткізу - 600 хат.

Жергілікті бюджет

12

«Қызмет-Сервис-Арыс» жауапкершілік шектеулі серіктестігі

100

Көшелерді және аумақтарды қоқыстардан тазалау - 30000 шаршы метр, көшеттерді отырғызу - 400 дана, гүл отырғызатын жерлерді бөлшектеу - 2000 шаршы метр, талдарды ақтау - 800 дана.

Жергілікті бюджет

13

«Ақаба-Сервис» жауапкершілік шектеулі серіктестігі

15

Кәріз жүйелерін ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету, кәріз төлемдерін жинауға көмектесу.

Жергілікті бюджет

14

«Арыс-жылу» жауапкершілік шектеулі серіктестігі

20

Қазандық жүйелерін ағымдағы және күрделi жөндеу жұмысына көмек көрсету, жылу төлемдерін жинауға көмектесу.

Жергілікті бюджет


Барлығы

495



      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады