Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 719 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 мамырда № 2289 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 74 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 06.02.2015 № 74 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері елді мекендер аумақтарын көріктендіру және тазалау болып белгіленсін.
      2. «Түркістан жарық-тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Түркістан қаласы әкімдігінің «Түркістан қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Түркістан-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеу мекемесі болып белгіленсін.
      3. Қала, ауылдық округ әкімдері Түркістан қалалық қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала әкімінің орынбасары Ж. Ибрагимовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Қала әкімі                                 Ә. Өсербаев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады