2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктiң оңтайлы себу мерзiмдерiн айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 1180 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 21 маусымда № 2318 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімі аппаратының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 272 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімі аппаратының 22.01.2014 № 272 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайрам ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Сапарбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 наурыздан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                У.Қайназаров

Сайрам ауданы әкімдігінің
7 маусым 2013 жылғы
№ 1180 қаулысымен бекітілген

Сайрам ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері

Дақылдар түрі

Оңтайлы себу мерзімдері

Ескертпе

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық бидай

01.03.2013 ж.

25.04.2013 ж.

Егістік және суармалы жерлер

2

Көкөніс және бақша дақылдары

10.03.2013 ж.

25.06.2013 ж.

Суармалы жерлер

3

Картоп

10.03.2013 ж.

25.06.2013 ж.

Суармалы жерлер

4

Майлы дақылдар

20.03.2013 ж.

01.06.2013 ж.

Егістік және суармалы жерлер

5

Жоңышқа

20.03.2013 ж.

05.05.2013 ж.

Егістік және суармалы жерлер

6

Жүгері

15.04.2013 ж.

15.06.2013 ж.

Суармалы жерлер

7

Күздік бидай

01.10.2013 ж.

10.12.2013 ж.

Егістік және суармалы жерлер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады