2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктiң оңтайлы себу мерзiмдерiн айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 қаңтардағы № 7 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қаңтарда № 2213 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 128 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының 20.01.2014 № 128 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Сарыағаш ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Асқанбековке жүктелсiн.

      Аудан әкімі                                Ә.Мақұлбаев

Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 09 қаңтардағы
№ 07 қаулысына қосымша

Сарыағаш ауданы бойынша 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi

Дақылдар түрi

Оңтайлы мерзiмдерi

Ескерту

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық бидай

15.02.2013

04.04.2013

тәлімі жер

2

Көкөніс

05.03.2013

25.05.2013

суармалы жер

3

Мақта

15.04.2013

20.05.2013

суармалы жер

4

Жүгері

25.03.2013

20.05.2013

суармалы жер

5

Мақсары

05.03.2013

01.04.2013

тәлімі жер

6

Жоңышқа

05.03.2013

01.04.2013

тәлімі және суармалы жер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады