2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-02/37-8 "Тіркелген салық ставкалары туралы" шешімге өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 мамырдағы N 15/101-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 02 шілдеде N 2982 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/149-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 15.03.2018 № 20/149-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-02/37-8 "Тіркелген салық ставкалары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-6-152 тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 10 жарияланған) шешімге келесі өзгеріс енгізілсін:

      қосымша жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес жазылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Т. Бозтаев

Мәслихат хатшысы

Т. Бозтаев


  Аягөз аудандық мәслихатының
2011 жылғы 28 мамырдағы
№ 15/101-V шешіміне қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары

Салық салу объектiлерi

Тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш бойынша)

1.

Ойынды бiр ойыншымен жүргiзуге арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы

2

2.

Ойынды бiрнеше ойыншымен жүргiзуге арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы

2

3.

Ойынды жүргiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы (боулинг, кегельбан)

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелi

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады