Байланыс формасы

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Придорожный селолық округін тарату және оның бағыныстылығын Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Богдановка селолық округіне өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 7-7 шешімі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 226 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2013 жылғы 2 мамырда № 3282 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Придорожный селолық округі таратылсын және оның бағыныстылығы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Богдановка селолық округіне өзгертілсін;
      2) Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Богдановка селолық округінің шекарасы өзгертілсін.
      2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің              Сессия төрағасы
      міндетін атқарушы           Б. Мырзахметов
      С. Шапкенов                 Облыстық мәслихат хатшысы
                                  М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады