Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы № 639 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде № 3280 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 3585 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 20.11.2015 № 3585 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, Орал қаласында 2013 жылғы өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
      2. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің орынбасары Қ. Елубаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімінің
міндетін атқарушы
Ғ. Орынғалиев

  Қала әкімдігінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 639 қаулысына
қосымша

Орал қаласында 2013 жылғы өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс
жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері


Өсімдік дақылдарының түрлері

Бірінші табиғи-климаттық аймақта (құрғақшылық-далалық) егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімі

Көктем ерте түскен мезгілде
Көктем орта мезгілде түскенде
Көктем жәй түскен мезгілде
басталуы
аяқталуы
басталуы
аяқталуы
басталуы
аяқталуы

1

Жаздық бидай

15 мамыр

25 мамыр

15 мамыр

25 мамыр

15 мамыр

25 мамыр

2

Күздік бидай

15 тамыз

10 қыркүйек

15 тамыз

10 қыркүйек

15 тамыз

10 қыркүйек

4

Жаздық арпа, сұлы

20 сәуір

01 мамыр

25 сәуір

05 мамыр

05 мамыр

10 мамыр

5

Тары

20 мамыр

25 мамыр

20 мамыр

25 мамыр

20 мамыр

25 мамыр

6

Ноқат

01 мамыр

10 мамыр

05 мамыр

10 мамыр

10 мамыр

15 мамыр

7

Күнбағыс

01 мамыр

10 мамыр

05 мамыр

10 мамыр

10 мамыр

15 мамыр

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады