Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 80 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 мамырда № 3290 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 26 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 16.01.2014 № 26 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. "Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Н. Қарағойшин

2013 жылғы 9 сәуірдегі № 80
ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы
топтарға жататын тұлғалардың
қосымша тізбесі

      1. Бір жылдан астам жұмыс істемеген адамдар;
      2. 50 (елу) жастан асқан адамдар;
      3. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері;
      4. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар;
      5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша оқуды бітірген тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады