2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 77 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 маусымда № 3295 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 180 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 13.06.2014 № 180 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және Сырым ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Т. Жоламановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                Ә. Жоламанов

2013 жылғы 20 мамырдағы № 77
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

2013 жылға нысаналы
топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесі

      1. Алты айдан жоғары уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендер;
      2. Елу жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
      3. Елу бес жастан асқан жұмыссыз ерлер;
      4. Аудан орталығынан тыс елді мекендерде тұратындар (әлеуметтік жұмыс орындары үшін уақытша және маусымдық жұмыс мезгілдеріне);
      5. Он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыз тұлғалар;
      6. Отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарының түлектері;
      8. Уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
      9. Бұрын жұмыс жасамаған (бірінші рет іздеушілер) тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады