Сырым ауданы бойынша 2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 180 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 маусымда № 3569 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 23.01.2015 № 14 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту  туралы" Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сырым ауданы бойынша 2014 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 77 "2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3295, 2013 жылғы 11 шілдеде "Сырым елі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      А. Шыныбеков

2014 жылғы 13 маусымдағы № 180
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

Сырым ауданы бойынша
2014 жылға нысаналы топтарға жататын
адамдардың қосымша тізбесі

      1. Алты айдан жоғары уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгендер;
      2. Елу жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
      3. Елу бес жастан асқан жұмыссыз ерлер;
      4. Аудан орталығынан тыс елді мекендерде тұратындар (әлеуметтік жұмыс орындары үшін уақытша және маусымдық жұмыс мезгілдеріне);
      5. Он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыз тұлғалар;
      6. Отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындарының түлектері;
      8. Уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
      9. Бұрын жұмыс жасамаған (бірінші рет іздеушілер) тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады