Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мемлекеттік мекемелерінің және оның аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 маусымда № 9490 тіркелді.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014.10.17 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014.10.24 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 15.10.2014 № 67 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      7) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 15.10.2014 № 67 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
      8) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014.10.17 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің тиісті облыстары, Астана, Алматы қалалары бойынша аумақтық органы – аумақтық департаменті туралы ережесі;

      10) Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014.10.24 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Әкімшілік-кадр жұмысы департаменті (А.К. Арыстанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы Б. Б. Атамқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасының Индустрия


және жаңа технологиялар


министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті"
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014.10.17 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Инвестиция комитеті" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014.10.24 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті"
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 15.10.2014 № 67 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
4-қосымша

"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Атом энергиясы комитеті" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Комитет) атом энергиясын пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыраты мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртанбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

      5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 10-үй, 13-кіреберіс, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы –

      мемлекетті тілде - "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде - государственное учреждение "Комитет по атомной энергии Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан".

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. Мiндеттерi:

      1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;

      2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) атом энергиясын пайдалану саласындағы өз өкілеттіктерін пайдаланумен байланысты инспекциялар жүргізу;

      2) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      3) ядролық қондырғылардың, ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерінің физикалық қорғанысының қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;

      4) радиациялық қауіпсіздік нормалары мен қағидаларының, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      6) өз құзыреті шеңберінде ядролық материалдарды, технологияларды, жабдықтарды, арнайы ядролық емес материалдарды, иондаушы сәуле көздерін және ұлттық қауіпсіздік мақсатында бақыланатын тауарларды қамтитын, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің экспортына, импортына, орын ауыстыруына, транзиті мен орналасуына бақылауды жүзеге асыру;

      7) коммерциялық мақсаттарда беруді, сатуды немесе сатып алуды немесе коммерциялық емес сипаттағы беруді қамтитын атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импортын бақылауды жүзеге асыру;

      8) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерін мемлекеттік есепке алу мен бақылауды жүзеге асыру;

      9) иондаушы сәуле көздерінің тізілімін жүргізуді жүзеге асыру;

      10) өз құзыреті шеңберінде иондаушы сәуле көздерінің, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің және ұлттық қауіпсіздік мақсатында бақыланатын тауарлардың импортын, экспорты мен транзитін келісуді жүзеге асыру;

      11) атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызмет түрлерін лицензиялауды, және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялардың қолданылу шарттарының орындалуын тексеруді жүзеге асыру;

      12) радиациялық қорғау жөніндегі ұлттық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;

      13) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      14) акцияларының мемлекеттік пакеттері иелігіне және пайдалануға берілген акционерлік қоғамдарға, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның функцияларын заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;

      15) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау;

      16) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарау және бекіту;

      17) республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      18) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыру;

      19) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін беру;

      20) республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекіту;

      21) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыру;

      22) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жыл сайын еңбекке ақы төлеу қорының мөлшерін, бірінші басшылардың, оның орынбасарларының және бас бухгалтердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйақы беру жүйесін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге сыйақы төлеу жүйесін белгілеу;

      23) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;

      2) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттің басшылығы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.

      17. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19.Төрағанның өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындау;

      2) орынбасарлардың бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кенсесiнiн Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктеу;

      3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтату немесе тоқтата тұру;

      4) Комитетке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсу және қол қою;

      5) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау және оған дербес жауапты болу;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

      Төраға болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Төраға өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
5-қосымша

"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау
комитеті" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін артыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртанбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

      5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 15-кіреберіс.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы –

      мемлекеттік тілде - "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесі.

      орыс тілде - государственное учреждение "Комитет государственного энергетического надзора и контроля Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан".

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. Мiндеттерi:

      1) электр энергетикасы, энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру;

      2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      3) мыналарды:

      электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарт талаптарының сақталуын;

      өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану қағидаларының сақталуын;

      электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландыруды;

      электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;

      4) энергия өндіруші ұйымдардың заңмен белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасу, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау және уәкілетті органға олардың орындалуы туралы есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      5) энергия өндіруші ұйымдардың уәкілетті органға электр энергиясын өндіру және сату шығындары, өткен күнтізбелік жылда электр энергиясын өндіру және сату көлемі бойынша есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      6) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      7) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде өткен жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      8) энергия өндіруші ұйымдардың мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, көпшілік тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік тыңдауларды өткізуден бұрын бес күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялау арқылы келісімдерді орындау нәтижелері бойынша көпшілік тыңдауларды жыл сайынғы өткізу бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      9) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      10) техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың орындалуын Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;

      11) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электр және жылу желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілердің қосылуын бақылауды жүзеге асырады;

      12) белгіленген үлгідегі нұсқаманы береді немесе электр энергетикасы туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою үшін электр энергетикасы объектілерінің басшыларына акт жасайды;

      13) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайды;

      14) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1345 қаулысымен бекітілген Біртұтас электр жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларының 6-тармағында көзделген технологиялық бұзушылықтарға тексеруді ұйымдастырады;

      15) Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлінуіне, тұтынушыларды электр және жылу энергиясынан жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соққан электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерулерді есепке алуды жүргізеді;

      16) электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтың қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;

      17) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;

      18) электр станциялары, электр және жылу желілерінің энергетикалық объектілерін техникалық жарақтандырудан кейін пайдалануға қабылдау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның қызметіне қатысады;

      19) заңнамада белгіленген құзыреттер шегінде энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысына әзірлігі паспорттарын береді;

      20) энергия өндіруші ұйымдардың Инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы келісімді орындауы туралы жылдық есепті ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытындыларды береді;

      21) 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық мақсатқа сәйкестігі туралы қорытындыларды береді;

      22) тұтынушыларды жүктемені өшірудің арнайы автоматикасына қосу жағдайларын келіседі;

      23) қуаты жиырма бес мегаваттқа дейінгі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектіні немесе жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесіне арналған жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектіні салудың техникалық-экономикалық негіздемесін келіседі;

      24) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      25) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      26) электр және энергетикалық қондырғылардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдардың техникалық басшыларының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруді ұйымдастырады;

      27) энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асырады;

      28) энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;

      29) Комитеттің құзыреті шегінде заңға тәуелді актілерге құқықтық мониторингті жүргізеді.

      30) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мыналарды:

      Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын;

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағында көрсетілген объектілерден басқа, ғимараттар, құрылыстар мен үй-жайлардың энергия тиімділігі жөніндегі талаптардың орындалуын;

      дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың электр желілеріндегі энергия тұтыну нормативтері мен қуат коэффициентінің нормативтік мағыналарын сақтауын;

      энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың энергоаудиті мен сараптамасын жүргізуді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың энергоаудитін және (немесе) сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша оқу орталықтарына қойылатын талаптардың сақталуын, сондай-ақ энергоменеджмент жүйесін құруды, енгізуді және ұйымдастыруды;

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      31) энергия үнемдеу саясатының орындалуын және заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін тексеруді бақылауды жүзеге асырады.

      32) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеуді жүргізеді;

      33) аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

      34) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;

      2) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттің басшылығы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.

      17. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19.Төрағанның өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындау;

      2) орынбасарлардың бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кенсесiнiн Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктеу;

      3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтату немесе тоқтата тұру;

      4) Комитетке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсу және қол қою;

      5) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау және оған дербес жауапты болу;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

      Төраға болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Төраға өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
6-қосымша

"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігінің
Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) туристік қызметі саласындағы іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртанбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.

      5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көш., 8-үй, 1-кіреберіс, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы –

      мемлекеттік тілде - "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" Мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде- государственное учреждение "Комитет индустрии туризма Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан".

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. Мiндеттерi:

      1) туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;

      2) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен, тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;

      3) туристiк қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметтi реттейдi;

      4) Қазақстан мен оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпаратты халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде, оның iшiнде туристiк қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзу жолымен таратады;

      5) өз құзыретi шегiнде туристiк қызмет саласындағы халықаралық шарттарды орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық iс-шараларда мемлекеттiң туризм саласындағы мүдделерiн бiлдiредi және олардың жұмысына қатысады;

      6) туристiк қызмет саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытып жинақтайды және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

      7) туристiк салаға инвестициялар тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты iске асыруға қатысады;

      8) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      9) "Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндетiн туроператордың және турагенттiң орындауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

      10) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi;

      11) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар бередi;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туризм қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;

      2) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      16. Комитеттің басшылығы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.

      17. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Төрағанның өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындау;

      2) орынбасарлардың бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кенсесiнiн Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктеу;

      3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтату немесе тоқтата тұру;

      4) Комитетке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсу және қол қою;

      5) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау және оған дербес жауапты болу;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

      Төраға болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Төраға өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      22. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
7-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің
аумақтық органы – тиісті өңіраралық геология және жер қойнауын
пайдалану өңіраралық департаменті туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 15.10.2014 № 67 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
8-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің
аумақтық органы – тиісті облыстар, Астана, Алматы қалалары
бойынша департаменті туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. 8-қосымшаның күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014.10.17 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
9-қосымша

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау
комитетінің аумақтық органы – тиісті облыстар, Астана, Алматы
қалалары бойынша аумақтық департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық органы электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің тиісті облыстар Астана, Алматы қалалары, бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарынамалар мен басқа да құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтары мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент ұйымдастырушылық – құқықтық нысандағы мемлекеттік мекемесінің – заңды тұлғасы болып табылатын, мөрі және мемлекетті тілдегі өз атауы көрсетілген штампы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоты бар

      4. Департамент өзінің атынан және Комитет атынан өкілетті болған жағдайда азаматтық – құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Департаменттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Аумақтық органның құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрімен келіскеннен кейін, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.

      8. Департаменттің толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана, Алматы қалалары, тиісті облыстар бойынша аумақтық департаменті" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – государственное учреждение "Территориальный департамент Комитета государственного энергетического надзора и контроля Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан по соответствующей области, городов Астаны, Алматы".

      9. Департаменттің заңды мекенжайы:

      _______________________________________________________________

      10. Департамент құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Департаменттің құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже және осы Ереже болып табылады.

      11. Департаменттің қызметтерін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      12. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

      13. Департаментке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Мiндеттерi:

      1) электр энергетикасы, энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру;

      2) өз құзыретi шегiнде Департаментке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдалану қондырғыларының пайдаланылуын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің техникалық талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      3) мыналарды:

      электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарт талаптарының сақталуын;

      өз құзыреті шегінде электр және жылу энергиясын пайдалану қағидаларының сақталуын;

      электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тұтыну режимдерін ұтымды және үнемді пайдаланылуын, оңтайландыруды;

      электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын мемлекеттік энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;

      4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мыналарды:

      Мемлекеттік энергетикалық тізілімге ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын;

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағында көрсетілген объектілерден басқа, ғимараттар, құрылыстар мен үй-жайлардың энергия тиімділігі жөніндегі талаптардың орындалуын;

      дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың электр желілеріндегі энергия тұтыну нормативтері мен қуат коэффициентінің нормативтік мағыналарын сақтауын;

      энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың энергоаудиті мен сараптамасын жүргізуді;

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзге де талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      5) энергия үнемдеу саясатының орындалуын және заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін тексеруді бақылауды жүзеге асырады;

      6) энергия өндіруші ұйымдардың заңмен белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасу, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындау және уәкілетті органға олардың орындалуы туралы есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      7) энергия өндіруші ұйымдардың уәкілетті органға электр энергиясын өндіру және сату шығындары, өткен күнтізбелік жылда электр энергиясын өндіру және сату көлемі бойынша есепті жыл сайынғы ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      8) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      9) энергия өндіруші ұйымдардың, келісімде өткен жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайынғы жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      10) энергия өндіруші ұйымдардың мемлекеттік органдардың өкілдерін, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, көпшілік тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында көпшілік тыңдауларды өткізуден бұрын бес күнтізбелік күннен кешіктірмей жариялау арқылы келісімдерді орындау нәтижелері бойынша көпшілік тыңдауларды жыл сайынғы өткізу бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      11) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы ақпаратты ұсыну бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      12) техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың орындалуын Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған тәртіппен бақылауды жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес энергия беруші ұйымдардың электр және жылу желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектілердің қосылуын бақылауды жүзеге асырады;

      14) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1345 қаулысымен бекітілген Біртұтас электр жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларының 6-тармағында көзделген технологиялық бұзушылықтарға тексеруді ұйымдастырады;

      15) Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесінің бірнеше бөліктерге бөлінуіне, тұтынушыларды электр және жылу энергиясынан жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соққан электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жұмысындағы ірі технологиялық бұзушылықтарды тексерулерді есепке алуды жүргізеді;

      16) электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтың қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығын бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;

      17) электр станциялары, электр және жылу желілері энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;

      18) электр станциялары, электр және жылу желілерінің энергетикалық объектілерін техникалық жарақтандырудан кейін пайдалануға қабылдау комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның қызметіне қатысады.

      19) тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электр қондырғыларының электр желілеріне қосылуға рұқсат береді;

      20) заңнамада белгіленген құзыреттер шегінде энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысына әзірлігі паспорттарын береді;

      22) 110 кВ және одан төмен және 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық мақсатқа сәйкестігі туралы қорытындыларды береді;

      23) тұтынушыларды жүктемені өшірудің арнайы автоматикасына қосу жағдайларын келіседі;

      24) қуаты жиырма бес мегаваттқа дейінгі жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектіні немесе жылумен жабдықтаудың жалпы жүйесіне арналған жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша объектіні салудың техникалық-экономикалық негіздемесін келіседі;

      25) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияны қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      26) электр және энергетикалық қондырғылардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдардың техникалық басшыларының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруді ұйымдастырады;

      27) электрлік зертханаларды аккредиттеуді жүзеге асырады.

      28) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;

      2) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Департаменттің қызметiн ұйымдастыру

      17. Департаменттің басшылығы Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. Департаментінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Департаментінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Департаментінің басшысының өкілеттіліктері:

      1) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындау;

      2) орынбасарлардың бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кенсесiнiн Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктеу;

      3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтату немесе тоқтата тұру;

      4) Департаментке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсу және қол қою;

      5) Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдау және оған дербес жауапты болу;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

      Департаментінің басшысы болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Департаментінің басшысы өз орынбасарларынын өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Департаменттің мүлкі

      22. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      23. Департаментке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгесі көзделмесе, Департаменттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 142 бұйрығына
10-қосымша

"Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық
департаменті-
"Бурабай" арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі" аумақтық
органы туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2014.10.24 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады