Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қыркүйекте № 9746 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 981 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 21.12.2015 № 981 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап:
      1) «Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 56-а-б бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 761 болып тіркелген);
      2) «Әкімшілік қызметшілерге жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 56-ә-ө бұйрығына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 307-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3961 болып тіркелген, Заң газетінде № 239 (973) 2005 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Арғындықовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                          Т.Дүйсенова

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің       
2014 жылғы 20 тамыздағы   
№ 8 бұйрығымен бекітілген  

Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесі

      1. Қызметкерлер лауазымдарының мынадай атаулары әкімшілік персоналға жатады:
      1) әкімші, сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының, қонақүйдің әкімшілерінен басқа;
      2) әкімші көмекшісі;
      3) әкімші хатшысы;
      4) актуарий;
      5) талдаушы;
      6) төреші;
      7) аудитор;
      8) барлық атаудағы бухгалтер: (бухгалтер-аудитор, бухгалтер-сарапшы және тағы басқалар);
      9) жетекші маман (агроном, бухгалтер-сарапшы, геодезист, гидрогеолог, инспектор, қазынашы, бақылаушы-ревизор, мелиоратор, эколог, экономист, сарапшы, заңгер және жобалау, құрылыс, ғылыми-зерттеу, технология және тағы басқа осыған ұқсас жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын жетекші мамандардан басқа);
      10) вице-президент;
      11) дәрігер;
      12) бас директор;
      13) бас конструктор;
      14) бас продюсер;
      15) бас әкімші;
      16) бас маман (агроном, төреші, сәулетші, бактериолог, банкир, биохимик, бухгалтер, вирусолог, герболог, геодезист, гидрогеолог, диспетчер, инженер, инспектор, қазынашы, консультант, бақылаушы-ревизор, мелиоратор, миколог, микробиолог, референт, балық өсіруші, фитопатолог, штурман, экономист, сарапшы, энтомолог, заңгер және тағы басқалар), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және осыған ұқсас жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын бас мамандардан басқа (жобалардың бас инженерлері, жобалардың бас конструкторлары, жобалардың бас сәулетшілері, бас конструкторлар, бас ғылыми қызметкерлер, бас технологтар және тағы басқалар) және театр-ойын сауық кәсіпорындарында (бас режиссерлер, бас дирижерлер, бас хормейстерлер, бас балетмейстерлер және осыған ұқсас жұмыстарды орындайтын), теле және киностудияларда бас суретшілер болып жұмыс істейтін бас мамандардан басқа);
      17) мемлекеттік патенттік сарапшы;
      18) факультет (курс) деканы;
      19) кезекші (оперативтік, вокзал бойынша, қабаттар бойынша, пункт және басқа да) теміржол станциясы, разъезд бойынша, орталықтандыру станциялық посты, теміржол станциясының паркі бойынша, сұрыптау төбесі, бөлімше бойынша кезекшіден, кіреберіс жолдары бойынша бақылау посты агентінен басқа (аға агентті қоса алғанда);
      20) іс жүргізуші;
      21) дизайнер;
      22) директор (агенттік, департамент, топ, қызмет, станса, орталық сауда үйі, мұражай, интернат, кешен, коммерция және тағы басқа) жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технология және осыған ұқсас басқа жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын директорлардан басқа;
      23) меңгеруші (мұрағат, база, бюро, топ, кеңсе, кафедра, клуб, магистратура, бөлім, қабылдау бөлмесінің, хатшылық, сектор, қызмет, орталық және тағы басқалар) жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технология және осыған ұқсас басқа жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын меңгерушілерден басқа, емдеу мекемелеріндегі бөлімшелер, медициналық пункттер меңгерушілері;
      24) инженер, конструкторлық, жобалық, технологиялық, геодезиялық, маркшейдерлік, іске қосу-жөндеу, шефмонтаждық жұмыстарда істейтін, құралдарды, машиналарды, жабдықтар мен компьютерлік (есептеу) техника құралдарына техникалық қызмет көрсетумен, жөндеумен, іске қосумен тікелей айналысатын, бөлімшелерде, цехтарда, фермаларда, ауыл шаруашылығы учаскелерінде істейтін инженерлерден, патенттік, өнертапқыштық, рационализаторлық жұмыстармен, ғылыми-техникалық ақпаратпен айналысатын инженер-гидротехниктерден, инженер-мелиораторлардан басқа;
      25) инспектор;
      26) нұсқаушы (дене шынықтыру және спорт нұсқаушыларынан, мәдени-көпшілік жұмыстар нұсқаушыларынан, өндірістік оқыту нұсқаушыларынан басқа, аға нұқсаушы);
      27) атқарушы директор (хатшы, продюсер және тағы басқалар);
      28) кассир, жалақы беруді және төлем құжаттарын банктік ұйымдарға жеткізуді жүзеге асырушы;
      29) капитан (барлық атаудағы);
      30) кодификатор;
      31) командир (барлық атаудағы);
      32) комендант (аэродромның, тұрғын үйлердің, қызметтік ғимараттардың, лагерьдің, жатақхананың және тағы басқалар);
      33) авариялық комиссар (төтенше жағдайлар кезіндегі және тағы басқалар);
      34) консультант (банкир, инспектор, қазынашы, бақылаушы-ревизор, референт, сарапшы және тағы басқалар);
      35) бақылаушы (жинақ кассаларының бақылаушыларынан, билет кассаларының бақылаушыларынан және бақылаушы-жұмысшылардан басқа);
      36) үйлестіруші;
      37) курьер;
      38) маркетолог;
      39) мастер, мастер-жұмысшылардан басқа (тау-кен шеберлері, бұрғылау шеберлері, орман шеберлері, балық аулау және өңдеу шеберлері, өндірістік оқыту шеберлері), теміржол саласында істейтін: көтеру жабдығында, гидропневматика, өрт құбырын жөндеу және өрт техникасына, газдан, түтіннен қорғау қызметіне қызмет көрсету, автокөлікті жөндеу жөніндегі механикалық шеберханаларды (автокөлікті жөндеу жөніндегі учаскені), электрмен жабдықтау учаскесін, рельс жылтырату вагонын жөндеу жөніндегі, көпір жөндеуші, тоннелдік учаскелердің (жөндеу-құрылыс жұмыстары), цехының (рельстік дефектоскопия) машиналары мен механизмдерін пайдалану және жөндеу жөніндегі мастерлер;
      40) менеджер (экономиканың түрлі салаларындағы барлық атаулар);
      41) метрдотель;
      42) әдіскер (оқу орындарының, мәдениет ұйымдарының, әдістеме кабинеттерінің әдіскерлерінен басқа);
      43) метролог;
      44) механик, мыналарда: конструкторлық, жобалау, технологиялық, геодезиялық, маркшейдерлік, жүргізу-жөндеу, шефмонтаждық жұмыстармен айналысатындардан, құралдарды, машиналарды, жабдықтар мен компьютерлік (есептеу) техника құралдарына қызмет көрсетумен, оларды жөндеумен, іске қосумен тікелей айналысатындардан, бөлімшелерде, цехтарда, фермаларда, ауыл шаруашылығы учаскелерінде жұмыс істейтіндерден басқа;
      45) бастық (авиация, бюро, топ, дирекция, департамент, депо, инспекция, кабинет, курстар, зертхана, шеберхана, мұражай, бөлім, бөлімше, төлқұжат беретін орын, питомник, баспасөз орталығы, пункт (желілік, жылжымалы) хатшылық, сектор, ауысым, қызмет, қойма, станса, басқарма, торап, учаске (патрульдік), орталық, цех, бөлім, штаб, экспедиция және тағы басқалар), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық, патенттік-лицензиялық, өнертапқыштық және осыған ұқсас жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын бастықтардан, қызмет көрсету бөлімшелерінің, техникалық бақылау (сапа), маусымдық партиялардың бастықтарынан басқа, (қалпына келтіру пойызының, өрт пойызының, бөлімшенің (қарауылдың), жол машинасының, мотосынақ зертханасының, сұрыптау төбесінің, рельс жылтырату пойызының, рельс жылтырату вагонының) бастықтарын, сондай-ақ стансалар мен цехтардың бастықтарын, егер өндірістік процестерді тікелей атқару олардың функционалдық міндеттеріне кіретін болса;
      46) нарядшы;
      47) нотариус;
      48) офис-менеджер;
      49) аңшылықтанушы;
      50) паспортшы;
      51) аудармашы;
      52) көмекші (кеңесші);
      53) төраға;
      54) президент;
      55) оқытушы;
      56) баспасөз хатшысы;
      57) провизор;
      58) продюсер;
      59) жұмыстарды өндіруші (прораб);
      60) проректор;
      61) психолог;
      62) басқарушы;
      63) ревизор;
      64) редактор (бас, жауапты және тағы басқалар);
      65) ректор;
      66) репетитор;
      67) референт;
      68) риэлтор;
      69) басшы (департамент, инспекция, зертхана, кабинет, мұражай, бөлім, бөлімше, төлқұжат беретін орын, питомник, қосалқы шаруашылық, бөлімше, баспасөз орталығы, пункт (желілік, жылжымалы), хатшылық, қойма, басқарма, торап, учаске, бөлім, штаб, топ, сектор, қызмет, орталық, бюро, депо, шеберхана, ауысым және басқалары), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және осыған ұқсас жұмыстарды тікелей орындаумен айналысатын басшылардан басқа;
      70) хатшы (отырыстың, алқаның хатшысы, басқарманың, президиумның, соттың, шығармашылық одақтың, федерацияның, қордың және тағы басқа жауапты хатшылары);
      71) медициналық бике;
      72) қараушы;
      73) кеңесші;
      74) социолог;
      75) спектроскопист;
      76) маман (бақылаушы-ревизор, қазынашы, бухгалтер-сарапшы және тағы басқалар), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және осыған ұқсас жұмыстармен айналысатын мамандардан басқа;
      77) аға маман (бухгалтер-сарапшы, бақылаушы-ревизор, инспектор-ревизор, нұсқаушы, қазынашы, оператор, жұмыстарды өндіруші (прораб), штурман және тағы басқалар), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және осыған ұқсас жұмыстармен тікелей айналысатын аға мамандардан басқа;
      78) статистик (медициналық статистиктерді қоса алғанда);
      79) стивидор;
      80) супервайзер;
      81) есепші;
      82) табельші;
      83) таксалаушы;
      84) тарифтеуші, әуе қатынастары агенттіктерінің тарифтеушілерінен басқа;
      85) барлық атаудағы техниктер, зоотехниктер, ветеринарлық техниктер, тіс техниктері, сондай-ақ жобалау, конструкторлық, технологиялық жұмыстарды орындайтын және құралдарды, жабдықтарды, компьютерлік (есептеу) және басқа да техника құралдарына қызмет көрсетумен, оларды жөндеумен, іске қосумен тікелей айналысатын техниктерден басқа;
      86) уәкіл (өкіл);
      87) басқарушы (концерн, база, трест, бөлімше, станса, сенімгер басқарушы, іс басқарушы және тағы басқалар);
      88) есеп жүргізуші;
      89) мұғалім;
      90) фельдъегерь;
      91) хронометражшы;
      92) штурман;
      93) экономист (барлық атаудағы, жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және осыған ұқсас жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын экономистерден, инженер-экономистерден басқа);
      94) экскурсия жетекшісі;
      95) заң кеңесшісі;
      96) жоғарыда тізілген лауазымдар атауларына теңестірілген басқа да лауазымдар.
      2. Мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерде техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерден басқа, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер қатарындағы қызметкерлердің барлық лауазымдары әкімшілік персоналға жатады.
      3. Мемлекеттік органдардан басқа мемлекеттік мекемелерде және басқа ұйымдарда конструкторлық, жобалау, технологиялық қызметтермен айналысатын немесе конструкторлық, жобалау, технологиялық жұмыстарды орындайтын қызметкерлердің лауазымдары әкімшілік персоналға жатпайды.
      4. Заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардан басқа, қарамағында екі және одан да аз қызметкері бар әкімшілік персоналға жатпайтын құрылымдық бөлімшелердің басшылары да, сондай-ақ бұл персоналға жатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады