Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10124 тіркелді

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Мыналардың:
      1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8622 тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 339 (27613) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9432 тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (27808) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.С. Биахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және
      даму министрі
      _____________ Ә. Исекешев
      2014 жылғы 12 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 126 бұйрығымен     
бекітілді         

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалар

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді стандарттау мен регламенттеудің мақсаттары:
      мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тәсілін қамтамасыз ету;
      көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қызметінің ашықтығын және есеп беруін қамтамасыз ету;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді одан әрі оңтайландыруды және автоматтандыруды қамтамасыз ету;
      мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланысты қамтамасыз ету;
      «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
      көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызметін мониторингілеу және реттеу болып табылады.
      3. Осы Қағидалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарттары мен регламенттерін әзірлеуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне өзгерістер енгізуге қойылатын белгіленген бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
стандарттарын әзірлеу тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін әзірлейді.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үшін әзірленеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді енгізген күннен бастап үш ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес қысқа және қолжетімді нысанда жазылады.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеу тетігі осы Қағидаларға 1-қосымшада сызба түрінде ұсынылған.
      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауды өткізу тәртібі:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеуші орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын «электрондық үкімет» веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы аудан әкімінің, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында жария талқылау үшін орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасы туралы көрсетілетін қызметті алушыларды өзге тәсілдермен хабардар етуді қамтамасыз етеді;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын жария талқылау оны жария талқылау үшін орналастырылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын жария талқылаудың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын әзірлеуші орталық мемлекеттік орган «электрондық үкіметтің» веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және (немесе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің интернет-ресурстарында орналастырылуға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп жасайды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады;
      4) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасына 2) тармақшада көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен ескертулері мен ұсыныстары қарауға жатпайды.
      Жария талқылау нәтижелері бойынша пысықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп мүдделі орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне келісуге жіберіледі;
      5) бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобалары осы тармақта белгіленген тәртіпте міндетті түрде жария талқылауға жатады.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын және
(немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
      Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісіледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) жалпы ережелер;
      2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі;
      3) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі;
      4) мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар.
      «Жалпы ережелер» бөлімі:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауын (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер атауына сәйкес келетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер атауы көрсетілсін);
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын әзірлеуші орталық мемлекеттік органның атауын (құзыретіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеу кіретін орталық мемлекеттік органның атауы көрсетілсін);
      3) көрсетілетін қызметті берушінің атауын (осы мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді және (немесе) мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетілген жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталына нұсқауды жүзеге асыратын ұйымдарды көрсете отырып, осы мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсететін орталық мемлекеттік органның, Қазақстан Республикасының шетелдегі
мекемесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті
атқару органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетілсін) қамтиды.
      «Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі» бөлімі:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін (көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгіну сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін белгіленеді);
      Мыналар:
      мемлекеттік қызметті көрсету:
      көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыру
(көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінулер) мерзімдері;
      көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін барынша жол берілетін күту уақыты (көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына);
      көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты көрсетілсін;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету нысанын (мемлекеттік қызметті көрсету тәсіліне – электрондық (толық автоматтандырылған немесе ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түріне байланысты мемлекеттік қызметті көрсету нысаны көрсетілсін);
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (мемлекеттік
қызметті көрсетудің нәтижесі ретінде ұсынылатын құжаттың түрі
көрсетілсін, мысалы, анықтама, рұқсат, мәлімдеме, лицензия, сертификат, куәлік, медициналық қорытынды не Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап,
сондай-ақ электрондық және (немесе) қағаз түріндегі мемлекеттік
қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны көрсетілсін);
      4) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті
алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдерін
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны мен төлеу тәсілі (қолма-қол және қолма-қол емес) көрсетілсін);
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін (жұмыс
күндері, сағаттары, үзіліс уақыты, демалыс күндері, алдын-ала жазылуы туралы ақпарат (алдын-ала жазылу шарттары көрсетілсін), жедел қызмет көрсетілгені туралы ақпарат (жедел қызмет көрсету шарттары көрсетілсін) көрсетілсін);
      Мемлекеттік қызметті орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары,
қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округ әкімдері көрсеткен жағдайда
мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін бекітіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «электрондық үкімет»
веб-порталы арқылы көрсетілген жағдайда мемлекеттік қызмет
көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін
беру кестесі тәулік бойы (электрондық (толық автоматтандырылған)
нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда
көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс
және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге
өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      6) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін (көрсетілетін қызметті алушы:
      көрсетілетін қызметті берушіге;
      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
      «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінген жағдайда
оларға, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті жеңілдіктері бар тұлғалар үшін құжаттар мен талаптардың тізбесі көрсетілсін). Болған жағдайда, құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар пакетін алғанын растайтын құжаттың атауы мен нысаны көрсетілсін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың арнайы нысандарын толтыру қажет болған жағдайда құжаттардың тиісті нысандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына қоса беріледі (мысалы, өтініш нысаны).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Азаматтарға арналған
үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алған жағдайда
көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынған нысан бойынша пайдалануға жазбаша келісімін береді;
      7) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелерді (мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелердің толық тізбесі көрсетілсін) қамтиды.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық
ұсынбаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаға
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартуы туралы қолхат береді.
      «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы
ауданның, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық
округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің
және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, «Азаматтарға
арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және (немесе)
олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі» бөлімі:
      көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясының және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін (көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымдарын беру, тіркеу және қарау тәртібі көрсетілсін) қамтиды.
      «Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы
көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар» бөлімі:
      1) халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын тұлғаларға, оның ішінде олардың көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына келу мүмкіндігінің болмауын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын әзірлеген мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады;
      3) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану мүмкіндігінің болуын;
      4) қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігінің болуын;
      5) болған жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының нөмірін, өзге телефон анықтама қызметтер нөмірлерін қамтиды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары осы Қағидаға
4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының үлгі нысаны бойынша әзірленеді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін қосымша ақпарат:
      Көрсетілетін қызметті алушы үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы түрінде осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес әрбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді және мынадай мәліметтерді:
      көрсетілетін қызметті беруші туралы ақпаратты (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурсының мекенжайы);
      мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпаратты;
      «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәсілі туралы ақпаратты;
      мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін;
      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін;
      қосымша ақпаратты (мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының нөмірін, болған жағдайда телефон анықтамалық қызметтердің нөмірлерін) қамтиды.
      Көрсетілетін қызметті алушы үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін әзірлеу тәртібі

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді.
      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері әрбір мемлекеттік қызметтер үшін әзірленеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілгеннен кейін, күнтізбелік отыз күн ішінде әзірленеді және бекітіледі.
      14. Орталық мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті орталық мемлекеттік органның немесе оның басшысының нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы әзірлейтін, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі үшін әзірленетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентінің жобасы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің нормативтік құқықтық қаулысымен бекітіледі.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеу тетігі осы Қағидаға 6-қосымшада cызба түрінде берілген.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін әзірлеу:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету рәсімдерін (іс-қимылдарын) және мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызметкерлердің іс-қимылдарын ретке келтіруді;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне қайшы келмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызметкерлердің артық рәсімдерін (іс-қимылдарын) жоюды;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне қайшы келмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімдерін, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттар санын қысқартуды;
      4) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мүмкіндіктерін анықтауды;
      5) мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін модельдеуді көздейді.
      17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті мемлекеттік қызметтер көрсету процесін қамтамасыз ету үшін қажетті және жеткілікті ақпаратты қамтиды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті жұмыскерлер, құрылымдық бөлімшелер, мекемелер, оның ішінде мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысқан мемлекеттік орган және өзге де көрсетілетін қызметті берушілер, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкімет» веб-порталы арасындағы өзара іс-қимылдардың нақты сипаттамасын қамтиды.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентінің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының атауына сәйкес келеді.
      19. Рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асыру мерзімдері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетудің уақыты бойынша шектеулер мерзімінен аспайды.
      20. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентінің құрылымы:
      1) жалпы ережелер;
      2) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау;
      3) мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау;
      4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау бөлімдерінен тұрады.
      «Жалпы ережелер» бөлімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің атауын (осы мемлекеттік
қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету
нәтижелерін беруді және (немесе) мемлекеттік қызмет электрондық
нысанда көрсетілген жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталына
нұсқауды жүзеге асыратын ұйымдарды көрсете отырып, осы
мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес көрсететін орталық мемлекеттік органның, Қазақстан
Республикасының шетелдегі мекемесінің, облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар
қаланың жергілікті атқару органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетілсін);
      2) мемлекеттік қызметті көрсету нысанын (мемлекеттік қызметті көрсету тәсіліне – электрондық (толық автоматтандырылған (немесе) ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түріне байланысты мемлекеттік қызметті көрсету нысаны көрсетілсін);
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі ретінде ұсынылатын құжаттың түрі көрсетілсін, мысалы, анықтама, рұқсат, мәлімдеме, лицензия, сертификат, куәлік, медициналық қорытынды немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап, сондай-ақ қатар электрондық және/немесе қағаз түріндегі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны көрсетілсін) қамтиды.
      «Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау» бөлімі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме (көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратуының болуы көрсетілсін);
      2) мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы (мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің, рәсімдер (іс-қимылдар) тәртібін және олардың орындалу дәйектілігін, оның ішінде әрбір құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде барлық рәсімдердің (іс-қимылдардың) өту кезеңдері көрсетілсін. Егер мемлекеттік қызмет көрсету процесіне бірнеше құрылымдық бөлімше қатысса, осы құрылымдық бөлімшелердегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті жекелеген рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асыру мерзімдері көрсетілсін);
      3) келесі рәсімді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі (рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі және оның басқа құрылымдық бөлімшеге беру тәртібі көрсетілсін) қамтиды.
      «Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау» бөлімі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесін;
      2) әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып,
құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің
(іс-қимылдардың) реттілігін сипаттауды (әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету
үшін қажетті барлық рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы келтірілсін) қамтиды.
      «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау» бөлімі:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығын
сипаттауды («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимылдың реттілігі мен мерзімдері, оның ішінде мемлекеттік
қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушілердің сұратуларын қалыптастыру және жолдау рәсімдері (іс-қимылдары) көрсетілсін). Рәсімдерді (іс-қимылдарды) сипаттау мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар мен ақпараттар тізбесін, сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің осындай сұрату жолдауға уәкілетті құрылымдық бөлімшені немесе лауазымдық тұлғаны көрсете отырып, сұратуды дайындау және жолдау тәртібін, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кіріктірілген ақпараттық жүйеде көрсетілетін қызметті алушының сұратуын тіркеу және өңдеу кезіндегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысшыларының іс-қимылдарын сипаттауды;
      2) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алу процесін, оның ұзақтылығын сипаттауды (мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алу тәсілі, ұзақтығы мен тәртібі көрсетілсін);
      3) мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасын қоса, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттауды қамтиды.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентінің үлгі нысаны бойынша әзірленеді.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
стандарттары мен регламенттерін  
әзірлеу жөніндегі қағидаларға   
1-қосымша               

нысан

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеу тетігі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
стандарттары мен регламенттерін әзірлеу
жөніндегі қағидаларға          
2-қосымша                

нысан

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының
жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы
есеп

«_____________________________________»
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары жобасының атауы)

1. __________________________________________________________________
    (Жария талқылау нәтижесінде пысықталған мемлекеттік көрсетілетін
           қызмет стандартының жобасымен таныстыру тәсілі)
2. __________________________________________________________________
     (мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасына
                  жария талқылау жүргізу кезеңі)
3. __________________________________________________________________
                   (өзге де пайдалы ақпараттар)

р/с

Ескерту немесе ұсыныс

Қысқаша мазмұны

Қабылдау немесе
қабылдамау
жөніндегі
негіздемелер

1




2




3




Қосымша ақпарат:
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобасын жария талқылау барысында ескерілген немесе ескерілмеген ескертулер мен ұсыныстардың саны туралы статистикалық ақпарат.

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына  
3-қосымша      

                                                                нысан

(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, болған жағдайда әкесінің
аты (бұдан әрі – Т.А.Ә) немесе ұйымының атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызметтер көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) _______________________________;
      2) _______________________________;
      3)....
      ұсынбауыңызға байланысты құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Осы қолхат әр бір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      Т.А.Ә. («Азаматтарға арналған үкімет»
      мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің) (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ___________
      Телефон ____________
      Алдым: аты-жөні / мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына  
4-қосымша      

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының үлгі нысаны

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      1. Жалпы ережелер:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын әзірлеуші орталық мемлекеттік органның атауы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің атауы.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі;
      2) мемлекеттік қызметті көрсету нысаны;
      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;
      4) мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі;
      6) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер.
      3. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және (немесе) олардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметкерлерінің шешімдеріне, өзара іс-қимылдарына (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
стандарттары мен регламенттерін  
әзірлеу жөніндегі қағидаларға   
5-қосымша               

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін
қызметті алу тәртібі туралы жадынамасы

_____________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауы)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
стандарттары мен регламенттерін әзірлеу
жөніндегі қағидаларға        
6-қосымша                

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін әзірлеу тетігі

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына  
7-қосымша      

                                                                нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
анықтамалығы

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_______________________________________________
(Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

      *ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің),
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына  
8-қосымша      

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін әзірлеудің
үлгі нысаны

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы)

      1. Жалпы ережелер:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің атауы;
      2) мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме;
      2) мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы;
      3) келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі;
      2) әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау;
      4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы;
      2) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы;
      3) жүгіну тәртібін және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады