"Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V шешіміне толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 295/43-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 желтоқсанда № 856 болып тіркелді

      «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы   4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы №  27/4-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 маусымда 728 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 21 маусымда  № 68 «Астана ақшамы» және № 73 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) шешіміне (бұдан әрі - Шешім) мынадай толықтыру енгізілсін:
      Шешімге қосымша мынадай мазмұндағы 11-жолмен толықтырылсын:
      «

11.

«Газмаш» акционерлік қоғамы ауданындағы саяжай алабы - «Западный» саяжай алабы - «Жағалау» тұрғын үй кешені

».

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       З. Шибкенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       С. Есілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады