Байланыс формасы

Ақмола облысының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 5С-30-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 қарашада № 4436 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 5С-43-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 14.12.2015 № 5С-43-8 (қабылданған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 21-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысының аумағында құрылыс салу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
      мәслихаты сессиясының
      төрайымы                                   Л.Багапова

      Ақмола облыстық мәслихатының
      хатшысы                                    Н.Дьячек

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Ақмола облысының сәулет және
      қала құрылысы басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            В.Фелбелт

Ақмола облысы мәслихатының
2014 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 5С-30-7 шешімімен   
БЕКІТІЛДІ        

Ақмола облысының аумағында құрылыс салу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақмола облысының аумағында құрылыс салу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысына, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген, сонымен-қатар, облыс аумағында құрылыс салған кезде Ақмола облысының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілеріне, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарына, заңды және жеке тұлғаларына, жеке кәсіпкерлерді қоса, қызметін жүзеге асыруын анықтайды.

1-бөлім. Терминдер мен анықтамалар

      2. Сәулет қызметi - объектiнiң сыртқы және iшкi келбетiн жасаудың, құрылысқа арналған (реконструкциялау, қалпына келтiру) жобалау құжаттамасының сәулет бөлiгiнде кеңiстiктi, композициялық, көлемдiк-жоспарлау және функционалдық ұйымдастырудың шығармашылық процесiн, жобаны iске асыру кезiнде авторлық қадағалау жүргiзудi қамтитын сәулет объектiлерiн жасау жөнiндегi қызмет;
      сәулет-жоспарлау тапсырмасы - объектiнiң мақсатына, негiзгi өлшемдерiне және оны нақты жер учаскесiне (алаңға, трассаға) орналастыруға қойылатын талаптар кешенi, сондай-ақ осы елдi мекен үшiн қала құрылысының регламенттерiне сәйкес белгiленетiн, жобалау мен құрылысқа қойылатын мiндеттi талаптар, шарттар мен шектеулер;
      абаттандыру – кез келген аумақты құрылыс үшін, мәні бойынша нормативтік пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстар (аумақты инженерлік дайындау, жолдар төсеу, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау және басқа коммуникациялық желілер мен имараттарды дамыту) мен іс-шаралардың (аумақты тазалау, құрғату және көгалдандыру, шағын климатты жақсарту, әуе бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластаудан қорғау, санитарлық тазалау, шу деңгейін төмендету және басқалар) жиынтығы.
      қоршалған тұрғын үй (танхаус) – екі және одан да көп пәтерлі аз қабатты (2-3 қабатты) тұрғын үй, әр қайсысында пәтер алды учаскесіне шығу жолы бар.
      сауда–саттықтың және қызмет көрсетудің уақытша объектілері - қайта өңдеу мүмкіндігін болжайтын, пайдалану мерзімі шектеулі бөлек тұрған объектілер;
      қала құрылысы қызметi – қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіруді қамтитын, қала құрылысын жоспарлауда аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастырудағы және дамытудағы, оларды аумақтық көліктік жоспарлаудағы және жол жүрісін ұйымдастырудағы, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін айқындаудағы, қалалық және ауылдық елдi мекендердi кешендi жоспарлаудағы қызмет;
      қала құрылысының регламенттерi - аумақтарды (жер учаскелерiн) және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдаланудың, сондай-ақ олардың жай-күйiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен жол берiлетiн кез келген өзгерiстерiнiң режимдерi, рұқсаттары, шектеулерi (ауыртпалық салуды, тыйым салу мен сервитуттарды қоса алғанда);
      елдi мекеннiң бас жоспары - аймақтарға бөлудi, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлiк және инженерлiк коммуникацияларды, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелерiн белгiлейтiн, қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешендi жоспарлаудың қала құрылысы жобасы;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы инжинирингтiк қызметтер көрсету - оңтайлы жобалық көрсеткiштерге қол жеткiзу мақсатында құрылыстың дайындығын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенi (техникалық және авторлық қадағалау);
      құрылыс салуды реттейтiн сызық (құрылыс салу сызығы) - қызыл және сары сызықтардан немесе жер учаскесi шекарасынан шегiндiре отырып, үйлердi (ғимараттарды, құрылғыларды) орналастыру кезiнде белгiленетiн құрылыс салу шекарасы;
      ғимараттарды және имараттарды жаңғырту-техникалық жабдықтарды, өндірістерді, процесстерді және сол сияқты жаңартуға бағытталған заманауи талаптар мен нормаларға сәйкес конструкцияларды өзгерту.
      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органы - облыс, аудан, қала және басқа да елдi мекен аумақтарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында лицензиялауға және бақылау функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган.
      құрылыс жобасын (құрылыстық жобаны) - көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулердi қамтиды. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау және өз ресурсын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жобалары да жатады;
      қайта жоспарлау - осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту;
      қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайдың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатын өзгертуге, тіршілікті қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бір өнімдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты оны (оларды) өзгерту;
      объектiнi кейiннен кәдеге жарату - күрделi құрылыстың (үйдiң, ғимараттың, кешеннiң) пайдаланылуы (пайдалану, қолдану) тоқтатылғаннан кейiн кәдеге асатын элементтерiн (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бiр мезгiлде қалпына келтiрiп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ кәдеге аспайтын элементтер мен қалдықтарды өңдей отырып, бөлшектеп алу және бұзу жөнiндегi жұмыстар кешенi;
      нақты жоспарлау жобасы - бас жоспар негізінде елді мекендерінің бөлек бөліктері үшін құрылыстың инженерлік-экономикалық және сәулеттік-кеңістікті шешімін айқындау мақсатында жасақталған қала құрылысы жобасы;
      уәкiлеттi орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жергілікті атқарушы орган;
      жұмыс комиссиясы - нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң дайындығына кешендi бағалау жүргiзетiн уақытша алқалы орган;
      рұқсат беретін құжаттар - өтініш берушіге ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу немесе қолданыстағыларын өзгерту жөнінде өзінің Ойын іске асыруға құқық беретін құжаттар;
      қайта жаңарту – әдетте, өзгеретін объектіні жаңарту және жаңғырту қажеттілігіне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе тұтастай ғимаратты өзгерту;
      жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;
      ситуациялық жоспар – жобаланған ғимараттың немесе участкенің елді мекен объектілерімен байланысын көрсететін жоспар;
      техникалық қадағалау - орындалған жұмыстың сапасын, мерзiмiн, құнын, қабылдап алынуын және объектiнiң пайдалануға берiлуiн қоса алғанда, жобаны iске асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау;
      нобай (нобайлық жоба) - жобалық (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, әшекейлiк немесе басқа) шешiмнiң оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн түрi.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Құрылыс мақсатында қала құрылысы құжаттамасын іске асыру

2-бөлім. Жер учаскелерін пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары

      3. Ақмола облысындағы жер учаскелерді қала құрылысы мақсатында пайдалану Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексімен (бұдан әрі - Кодекс), Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексімен, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) және басқа-да нормативті-құқықтық актілермен сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Ақмола облысының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте құрылыс салуға бөлінбеген жер учаскелерде салынған немесе жобадан ауытқып салынған, сонымен қатар сәйкес рұқсат құжаттарсыз салынған түрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың құрылысына жол берiлмейдi.
      5. Меншiк иелерi не жер пайдаланушылар жер учаскелерiн құрылыс салу үшін (коммуникацияларды жүргізу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалануды заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес және нысаналы мақсатын немесе сервитутты, аумақты аймақтарға бөлуді, қызыл сызықтарды және құрылыс салуды реттеу сызықтарын сақтай отырып қана жүзеге асыра алады.
      6. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3-бөлім. Жер учаскелеріне құқық беру

      7. Мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскелеріне құқығын табыстау жергілікті атқарушы органдары өз құзіреті шегінде Кодекспен белгiленген негізде және тәртіпте жүзеге асырады.
      8. Елдi мекеннiң бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және оларда құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс жобалары, сондай-ақ облыстар аумақтарын қала құрылысы үшін жоспарлаудың кешенді схемалары болмаса, жер учаскелерiн құрылыс үшiн беруге тыйым салынады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      9. Азаматтық-құқықтық мәмілелерге келісіп (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту және тағы сол сияқты) алынған жер учаскелері нысаналы мақсатты сақтаса, жергілікті атқарушы органмен құрылыс салуға қайта шешім шығаруды талап етпейді.
      10. Құрылыс салу үшін жер учаскесін таңдау Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4-бөлім. Жобаларды әзірлеу үшін бастапқы-рұқсат беру құжаттарының негізгі тізбесі

      11. Жобаларды әзірлеуге арналған бастапқы материалдар (деректер) мыналарды қамтиды:
      1) шекарасының шегіндегі аумақты пайдалану және жоспарланған объектіні белгілеу жөніндегі регламенттерді қоса алғанда, жерге тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі;
      2) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау туралы жергілікті атқарушы органның бұйрық түріндегі шешімі;
      3) жер учаскесінің және коммуникация төселген трассаның шекарасында құрылыс алаңын инженерлік іздестіру материалдары;
      4) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттар;
      5) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі - СЖТ);
      6) жобалауға арналған бекітілген тапсырма.

5-бөлім. Жобалауға арналған тапсырманы жасау және бекіту

      12. Жобалауға тапсырманы тапсырыс беруші не оның уәкілетті тұлғасы (құрылыс салушы) құрады және тапсырыс беруші оны бекітеді.
      13. Жобалауға тапсырма жобалау алдындағы және/немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі тапсырысты орындауға арналған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      14. Жобалауға тапсырма объектінің талап етілетін өлшемдерді, өзге де бастапқы деректерді қамту тиіс.

6-бөлім. Жобалау алдындағы рәсімдер және бастапқы материалдарды (деректерді) беруге арналған өтініштерді қарау мерзімдері

      15. Инженерлік және коммуналдық көздерге қосылуға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмалары мен техникалық талаптарды уәкілетті органдары арқылы береді.
      16. Инженерлік және коммуналдық көздерге қосылуға арналған техникалық талаптар, оларды алуға қажеттілігі бар болса СЖТ міндетті қосымшасы болып табылады.
      17. СЖТ және техникалық жағдайларды алу үшін «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар тапсырыс берушімен уәкілетті органға немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылады.
      18. Уәкілетті органы келесі жұмыс күнінен кешіктірмей СЖТ мен техникалық шарттарды алуға тапсырма алғаннан кейін инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілерге құжаттарды қоса берумен техникалық шарттарды алуға сұраным жібереді.
      19. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілер сұраным алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы органына өлшемдер мен қосылу көрсетумен техникалық шарттарды не негізделген беруден бас тартуды жібереді.
      20. Техникалық жағдайларды беруде бас тартылса өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте шағымдала алады.

7-бөлім. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы.

Жасау және беру тәртібі

      21. СТЖ және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының бүкіл мерзімі ішінде қолданылады.
      22. Заңның 68-бабындағы 8-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жерге сәйкестендірілген құқықты, бекітілген жобалауға тапсырманы, инженерлік және коммуналдық көздерге қосылуға арналған техникалық талаптар және басқа да бастапқы материалдарды (деректерді) беру туралы шешім негізінде тапсырыс берушіге СЖТ береді.
      23. Берілген СЖТ белгіленген тәртіппен жобаны әзірлеуге берілген рұқсатты білдіреді.
      24. Алынып тасталсын - Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      25. Құрылыс салу және қалпына келтіру, қайта жоспарлау, бар ғимараттардың үй-жайларын өзгерту жобасына сараптама жүргізудің қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы сәулет-жоспарлау тапсырмасында көрсетіледі.
      26. СЖТ:
      1) салынып жатқан объектілерге;
      2) заңсыз салынған объектілерге қатысты берілмейді.

3-тарау. Құрылыс салуды жүзеге асырған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің міндеттері, жауапкершілігі және құқықтарын қорғау

8-бөлім. Құрылыс процесін мемлекеттік реттеу

      27. Елді мекендердің аумақтарына құрылыс салу процессінде сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері адамның мекендеуі мен тыныс-тіршілік ортасын қалыптастыруға және дамытуға қатысатын, мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
      28. Құрылыста мердiгерлiк жұмысты атқаратын мердiгерлер Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыратын лицензиясы бар, жеке немесе заңды тұлғалар (бірлескен кәсіпорындарды қосқанда) бола алады.
      29. Құрылыс процесi сәулет-құрылыс бақылауымен және қадағалаумен сүйемелденеді.

9-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін субъектілердің жауапкершілігі

      30. Заңдарда белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      31. Жiберiлген жолсыздықты және оның зардаптарын жою, сондай-ақ келтiрiлген залалдың (зиянның) орнын толтыру жөніндегi мiндеттер аталған жолсыздыққа жол берген субъектiге жүктеледi.
      32. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жол берген бұзушылықтары салдарынан салынған объектiнi пайдаланудың кепiлдi мерзiмiн сақтамау фактiлерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларына, сондай-ақ Заңға сәйкес белгiленедi.

10-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құқықтарын қорғау

      33. Субъектілердің елді мекен аумақтарына құрылыс салғанда құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

11-бөлім. Азаматтардың шағымдарын (шешімдерге шағымдану) қабылдау мен қарауды, дауларды шешу тәртібі

      34. Өтініштерді қабылдау және қарастыру тәртібі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. Аумақта құрылыс салуды реттеу тәртібі

      35. Елді мекендердің аумақтарын дамыту мен салу белгіленген тәртіпте бекітілген қала құрылысы жобасы негізінде жүзеге асырылады.
      36. Аумаққа құрылыс салуды реттеу тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      37. Уәкілетті орган, жергiлiктi атқарушы органдар Мемлекеттік бюджет қаражат есебінен орындалатын қала құрылысы жобаларына тапсырыс берушілер бола алады және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу жүйесі шегінде жүзеге асырылады.
      38. Жекелеген реттерде, жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша, қала құрылысы жобаларын әзірлеуге қаражаты бар жеке және заңды тұлғалар аймақтағы қала құрылысы жобаларына тапсырыс берушiлер бола алады, бұл ретте жобалауға тапсырма уәкілетті органмен келісіледі.
      39. Қала құрылысы жобаларын әзiрлеуді осындай жұмыс түрлерін жүргізу құқына ие тиiсті мемлекеттiк лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

12-бөлім. Тұрғын аумақтарда құрылыс салу тәртібі

      40. Тұрғын аумақтарда құрылыс жүргізу қала құрылысы құжаттамасы негізінде (бас жоспар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы, құрылыс жобасы) жүзеге асырылады.
      41. Көппәтерлi тұрғын үйлердiң кешендерiн жобалау кезiнде экологиялық, санитарлық және өртке қарсы талаптарды ескере отырып, автопаркинг, гараж бен инженерлiк жабдық қондырғыларын орналастыру үшiн жерасты кеңiстiгiн мүмкiндiгiнше барынша пайдалану керек.
      42. Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын және кварталдарын жобалау және салу (қайта құру) қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындарын орналастыра және қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылымды қамтамасыз ете отырып, кешенді түрде жүзеге асырылады.
      43. ҚР ҚНмЕ 3.01.01-2008 «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық қоныстарды жоспарлау және салу» ережесінің 4.19-тармағына сәйкес бағбандық пен саяжай серіктестіктерінің аумақтарын резервтік аумақтардан тыс, қоғамдық көлікпен жете алатын қашықтықта, сонымен қатар қала маңы аймағы жобасына және аудандық жоспарлау жобасына сәйкес елді мекендердің келешекті дамуын ескеріп орналастыру қажет.
      44. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда кабель жүйелерін, телерадиоканалдарды ұжымдық және жеке қабылдау жүйелерін жобалау және салу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      45. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елді мекендердің сәулет сипаттамасын сақтау үшін уәкілетті органдардың рұқсатынсыз көп пәтерлі тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қасбеттерінде және балкондарда спутниктік және эфирлі қабылдау құрылғыларын өз еркімен орнатуға тыйым салынады.
      46. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына келісіп көп пәтерлі тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қасбеттерінде және балкондарда спутниктік және эфирлі қабылдау құрылғыларын орнатуды жергілікті атқарушы органдардағы тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғалары бақылайды.

13-бөлім. Қала маңындағы аумақтарда құрылыс салу

      47. Қала маңындағы аймақ қала жерінің шекарасымен (шегімен) іргелес, берілген қаланың, қала аймағына кіретін басқа да елді мекендердің аумағын дамыту, санитарлық-қорғау функцияларын орындау, демалу орындарын, бағбандық пен саяжай серіктестіктерін орналастыруға арналған жерлерді қосады.
      48. Қала маңындағы аймаққа шекара белгілеу, Кодекске және Заңға сәйкес, бекітілген қала құрылысы құжаттамасы негізінде жүзеге асырылады.
      49. Қала маңындағы аймаққа кіретін елді мекендердің қала құрылысы жобалары қаланың жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.

14-бөлім. Құрылыс салуды реттеу аймағының аумағында және табиғи кешенде құрылыс объектілерін орналастыру және абаттандыру тәртібі

      50. Құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының, өзендерді, көлдерді, шипажайларды, тарих, археология, қала құрылысы, сәулет және өнер ескерткіштерін қорғау аймақтарының аумақтарында, сондай-ақ арнайы мақсаттағы аумақтарда құрылыс пен абаттандыру объектілерін орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      51. Қалалар мен басқа да елді мекендердің тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану режимі оларды қорғау аймақтарының облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бекітілген жобаларында, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану ережелеріне сәйкес анықталады.
      52. Қорғау аймақтарының шектерінде жер, құрылыс-монтаж және басқа да жұмыстарды жүргізу қолданыстағы Қазақстан Республикасы құқықтық-нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

15- бөлім. Экологиялық талаптар

      53. Елді мекенде құрылыс салу барысында елді мекендердің қала құрылысы дамуының келесі экологиялық талаптар ескеріледі:
      1) табиғи кешеннің қолданыстағы аумақтарын қолайсыз антропогендік ықпалдардан қорғау;
      2) өмір сүру ортасының қолайлылығын арттыру, соның ішінде аумақтарды көгалдандыру және елді мекеннің тұрғын және қоғамдық аймақтарын абаттандыра отырып, ондағы жағдайларды жақсарту арқылы.
      54. Елді мекендерде құрылыс салудың қажетті шарттары болып табылатындар:
      1) объектілердің санитариялық-қорғау аймағын көгалдандыру;
      2) халықтың денсаулығы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретін экологиялық тәуекел аймақтарды жою;
      3) күшті техногендік жүктемеге ұшыраған аумақтарды жақсарту, оңалту, қайта ұйымдастыру бойынша шараларды жүзеге асыру;
      4) жоғары экологиялық қауіптілік көздері болып табылатын өндірістерді жою;
      5) қалдығы аз және қалдықсыз, экологиялық таза технологияларды енгізу, өнеркәсіп, энергетика, қала шаруашылығы объектілерінің заманауи газдан тазалау, тозаң тұту және су тазалау жабдықтармен қамтамасыз ету;
      6) ауыз судың сапа стандартының сақталуын, өндірістік, коммуналдық ағын суларды және жер үстiндегi ағын суды тазартуды қамтамасыз ету;
      7) көбіне жүк көлігі қозғалысы жүзеге асырылатын айналмалы автомагистральды салу;
      8) өндірістік және қатты тұрмыстық қалдықтарды толық қайта өңдеу және зарарсыздандыру.

5-тарау. Жобалау

16-бөлім. Жаңа құрылыс объектілерін және қолданыстағы объектілерді өзгерту

      55. Жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер), жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын әзірлеу, жобалау қызметі түрлеріне белгіленген тәртіпте лицензия алған заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.
      56. Құрылыс жобасы СЖТ мен жобалауға тапсырма негізінде әзірленеді.
      57. Құрылыс салу жобасын әзірлеу (бұдан әрі - Жоба) келесі кезең бойынша жүзеге асырылады:
      1) эскиздік жобаны әзірлеу;
      2) жобаны әзірлеу;
      3) жобаны сараптау, сонымен бірге экологиялық (қажет болған жағдайда);
      4) жобаны тапсырыс берушімен бекіту.
      58. Жобаға сараптама оны бекіткенге дейін жүргізіледі. Міндетті түрде сараптамаға жататын, алайда орнатылған тәртіпте оны өтпеген құрылыс салуға жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы аяқталмаған болып саналады және ары қарай жүзеге асыруға жатпайды.
      59. Жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптаманың оң қорытындысы оны орнатылған тәртіпте бекітуге негіз болып саналады.
      60. Жаңа құрылыс салу (бар нысанды өзгерту) жобасына сараптама жүргізудің қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес СЖТ көрсетіледі.
      61. Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары, шудың негізгі көздері, дiрілдері, электромагниттiк өрiстерi бар объектілердің жобалары тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша уәкiлеттi органмен келісуге жатады.
      62. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда объектіні орналастырғанда, Жобада Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте сәйкестендірілген уәкілетті органмен келісуге жататын табиғат қорғау шаралары қарастырылады.
      63. Әзірлеу аяқталғаннан және сараптама жүргізілгеннен кейін үш жыл ішінде құрылысы басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескірген болып есептеледі әрі заңнамада белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
      64. Әлеуметтік, тұрғын үй және өндірістік мақсаттағы ғимаратты және имаратты жобалау «Халықтың қауқары аз топтары үшiн қол жетімділігін ескере отырып ғимаратты және имаратты жобалау» ҚР СП 3.06-15-2005 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      65. Облыстың Сәулет-қала құрылысы кеңесінде екі гектардан астам аумақта қала құрылысы жобаларының, маңызы бар объектілердің, тұрғын үй кешендерінің нобайлы жобалары қарастырылуда.
      66. Қалалардың, аудандардың Сәулет-қала құрылысы кеңесінде екі гектардан аз аумақта әлеуметтік, мәдени мақсаттағы қала құрылысы жобаларының, маңызы бар объектілердің, тұрғын үй кешендерінің нобайлы жобалары қарастырылуда.

17-бөлім. Жеке құрылысты жобалау

      67. Жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі - ЖТҚ) аумағын жоспарлау және құрылысын салу Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.
      68. ЖТҚ бөлінетін алаңдар бекітілген бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына және елді мекенде құрылыс салу жобасына сәйкес массивтермен жүзеге асырылуы тиіс.
      69. Белгіленген тәртіпте бекітілген үй-жайлық телімде орналасқан тұрғын үй мен басқа да үй-жайлардың көлемдерін, олардың сыртқы габариттері (соның ішінде биіктігі) осы құрылыстардың, сондай-ақ іргелес жер телімдеріндегі құрылыстардың арасындағы белгіленген нормативтік, санитарлық, өртке қарсы және техникалық алшақтықтарды қамтамасыз ететін жағдайда, жеке құрылыс салушы өздігінен анықтайды.

18-бөлім. Елді мекендердің аумағындағы инженерлік желілерді және құрылғыларды жобалау және салу

      70. Инженерлік желілер мен имаратты жобалау және құрылыс салу аталған жұмыстарды орындауға тиісті мемлекеттік лицензиялары бар заңды немесе жеке тұлғалар жүзеге асырады.
      71. Жобаны әзірлеу кезінде инженерлік желі жобалары топогеодезиялық негізде (1:500 масштабта) атқарылады. Инженерлік желілердің және имараттардың әзірленген жобалары елді мекенді инженерлік қамтамасыздандыруды жүзеге асыратын уәкілетті органмен, тиісті коммуналдық және басқа қызметтермен міндетті түрде келісуге жатады.
      72. Инженерлік желілердің және имараттың құрылысы бойынша жұмыстар орнатылған тәртіпте және Қағидаға келісіп жүзеге асырылады.
      73. Инженерлік желілер мен имараттың құрылысы аяқталысымен, оларды топырақпен көмгенге дейін құрылыс салушы (тапсырыс беруші) немесе құрылыс ұйымы, кейіннен базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының (МҚК) дерекқорына енгізу үшін уәкілетті органында тіркей отырып, инженерлік желілердің жаңадан салынған телімінің (М 1:500) атқарушы геодезиялық түсірілімін қамтамасыз етеді.

19-бөлім. Қолданыстағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)

      74. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау рәсімі «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына (бұдан әрі – 1-Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
      75. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 4-бабына және 1-Стандартқа сәйкес тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға шешім уәкілетті органмен бұйрық түрінде қабылданады.
      76. Қолданыстағы (пайдаланыстағы) объектілерге енгізілетін өзгерістер жобасын әзірлеушілер жобалық құжаттамада (нобай (сұлба) бар ғимараттың қайта жаңартуы бойынша (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жұмыс барысында, сондай-ақ өзгертілген объектіні кейіннен пайдалану кезінде де басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді көрсетуі тиіс.
      77. Қосымша жер телімінің бөлінуін немесе оның мақсаттық пайдаланылуын өзгертуді қажет ететін қолданыстағы ғимараттардың және тұрғын үйлердің үй-жайларының қайта құрылуы, қайта жоспарлануы, қайта жабдықталуы кезінде, құрылыс салушы (тапсырыс беруші) Кодекске сәйкес белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органға жүгінеді.
      78. Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты, сонымен қатар мақсаттық пайдаланылуын өзгерткен жағдайда, қолданыстағы ғимараттардың және тұрғын үйлердің үй-жайларының қайта құрылуы, қайта жоспарлануы, қайта жабдықталуы кезінде үй-жайлардың меншік иелері болып табылатын құрылыс салушы (тапсырыс беруші) уәкілетті органнан жобалауға СЖТ алады және орнатылған Заң тәртібінде құрылыс-монтаж жұмыстарын бастағаны туралы хабардар етеді.

6-тарау. Құрылыс

20-бөлім. Құрылысты жүзеге асырудың жалпы тәртібі

      79. Объектілердің құрылысы бойынша құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) іс-әрекеттері келесі бірізділікте жүзеге асырылады:
      1) Уәкілетті органмен келісу үшін, эскизді жобаны қосып, Кодекспен белгіленген тәртіпте жер учаскесіне сәйкестендірілген құқығын беру туралы жазбаша өтінішпен атқарушы органға жүгіну;
      2) жер теліміне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарды рәсімдеу және оларды тіркеу органында тіркеу;
      3) атқарушылық топографиялық түсірілім, жер телімінің шекараларын нақтылы түріне көшіру актілері, уәкілетті органға базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базасына енгізу үшін ұсынылады;
      4) уәкілетті органда жобалауға және техникалық жағдайға СЖТ алу;
      5) СЖТ келісіп құрылыс жобасын әзірлеу;
      6) Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзудің басталуы туралы мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органын хабардар ету;
      7) объект бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау;
      8) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында (ауданның, қаланың) міндеттерін атқаратын мемлекеттік органда жер жұмыстарына ордер алу;
      9) ЖТҮҚ басқа, құрылыс аяқталғаннан кейін (объектіні қолданысқа қабылдамай тұрып) құрылыс және инженерлік жүйе объектілерінің атқарушылық топографиялық түсірілімді орындау;
      10) объектіні қолданысқа қабылдау Заңның 7576-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      11) жаңадан салынған жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу органында тіркеу.
      80. Атқарушылық топографиялық түсірілім міндетті түрде МҚК базасына енгізу үшін уәкілетті органға ұсынылады.
      81. Ғимарат, уақытша құрылыс және құрылыстар орналасқан құрылыс алаңы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      82. Құрылыс алаңының шекаралары қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес әзірленген, мүдделі органдар және қызметтерімен келісілген және құрылыс салушымен (тапсырысшы) бекітілген құрылыс бас жоспарымен анықталады.
      83. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастар алдында құрылыс алаңдары мен жұмыстардың қауіпті аймақтары шектеулерінен қоршалуы тиіс.
      84. Құрылыс алаңы құрылыс қоқыстарын жинау үшін контейнерлермен, сонымен қатар тазалау немесе құрылыс алаңынан шыға берісте транспорт құралдарының доңғалақтарын жуу пунктерімен жабдықталуы тиіс.
      85. Құрылыс кезінде жүкті тасымалдау, көлік қозғалысы Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңнамасына сәйкес орындалады.
      86. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бекітілген жобалық құжаттамасыз құрылысқа жол берілмейді.
      87. Азаматтардың қалыпты демалуын және тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында авариялық инженерлік желілердегі, жүйелердегі және коммуникациялардағы аварияларды жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда, түнгі уақытта (23.00-ден 6.00-ге дейін) шу шығаратын құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

21-бөлім. Уақытша, сауда, қызмет көрсету және жарнама құрылыстарын (объектілерін) орналастыру және салу тәртібі

      88. Сауданың, қызмет көрсетудің және жарнаманың уақытша құрылыстарын (объектілерін) орналастыруға және құрылысын салуға (бұдан әрі - уақытша объект) нобайлық жобасын (паспортын) әзірлеу, бекіту және келісу тәртібіне кіретіндер:
      1) уақытша объектіні орналастыру немесе құрылысы кезінде заңды (жеке) тұлғалар мен жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдары арасындағы жер қатынастарын реттеу Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, келісім шарт негізінде жүзеге асыру;
      2) кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үшін уақытша объектілерді, жарнаманы орналастыруын немесе құрылысын келісу уәкілетті органмен сауда-саттық, қызмет көрсету, жарнама объектілерді орналастырылуы кешенді схемасына сәйкес жасалуы;
      3) уақытша объектіні орналастырудың және оларға өзгерістер енгізудің кешенді сызбасы құзыретті органмен әзірленеді және жер қатынастары бойынша органмен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен (эпидемиялық маңызды объектілер үшін), ТЖ (Төтенше жағдай) басқармасымен (бөлімімен), кәсіпкерлер бөлімімен, елді мекеннің коммуналдық және инженерлік қызметі (сумен қамту/беру, тоқпен және жылумен қамту), Ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен, мәдени мұраны қорғау бойынша құзыретті органмен (егер объект мәдени мұра ескерткіштерін қорғау жерінде орналасқан жағдайда) келісіледі;
      4) уақытша объектілерді орналастырудың кешенді сызбасы жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі.
      89. Уақытша объектілерді меншік, тұрақты пайдалану, жалға алу (қосалқы жалдау) құқығына берілген жер телімдерінде орналастыру уақытша объектілерді орналастырудың кешенді схемасына сәйкес жүзеге асырылады.
      90. Мемлекеттік және қалалық мерекелерді, салтанатты бұқаралық іс-шараларды, жәрмеңкелерді өткізу кезеңінде уақытша объектілер жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілген іс-шаралар өткізу жоспарына және уақытша объектілерді орналастыру кешенді схемасына сәйкес орналастырылады.
      91. Уақытша объектіні орналыстыруға және құрылысын салуға нобайлық жобасын (паспортын) келісу және рәсімдеуі келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
      Тұлға уақытша нысанды елді мекенге орналастыру үшін уәкілетті органға жазбаша өтініш жолдайды.
      Рұқсат алу үшін өтінішке:
      1) уақытша объектінің болжамды орналасатын орнын және жалпы сындарлы шешімін (түнгі және күндізгі көрінісін қоса), уақытша объектің инженерлік жұмысын қамтамасыз ету бойынша шешімін көрсете отырып, Қағиданың 1-қосымшасындағы 1-нысанына сәйкес Нобайлық жоба (паспорты);
      2) уақытша объектінің болжамды орналасатын орнындағы жер телімінің құқығын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі немесе жер телімінің иесі (иелері) мен өтініш берушінің арасында, кондоминимум объектімен басқару органмен және өзге де заттық құқықтары бар тұлғалармен оны орналастыру жөнінде құрылған келісім-шарты (уақытша объекті жеке меншік құқығындағы және жер пайдалануға беретiн жер телімдерінде орналасатын жағдайда);
      3) жеке тұлғалар үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі) немесе заңды тұлғалар үшiн (филиалдарға, өкілдерге) - мемлекеттік (есепке алынатын) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшiрмесi.
      92. Уақытша объектіні орналастыру бойынша нобайлық жоба (паспорт) уәкілетті органмен Қағиданың 1-қосымшасындағы 2-нысанына сәйкес келісіледі.
      93. Уақытша объектінің нобайлық жобасы (паспорт) тапсырыс берушімен сәйкестендірілген уәкілетті органмен келісіледі. Жер теліміне құқығын ресімдеуі қажет болғанда Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
      94. Уақытша объектілерді орналастыру үшін жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту қажет болғанда Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
      95. Алынып тасталсын - Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      96. Бекітілген нобайлық жоба (паспорт), уақытша объектіні жобаланған жер теліміне орналастыру, құқық белгілеуші құжатының көшірмесі немесе жер телімінің иесі (иелері) мен өтініш берушінің арасында, кондоминимум объектімен басқару органмен және өзге де заттық құқықтары бар тұлғалармен оны орналастыру жөнінде құрылған келісім-шарт уақытша объектіні орналастырудың негізі болып табылады.
      97. Кодекске сәйкес уақытша объектіні орналастыру нобайлық жобаның (паспорттың) қолдану мерзімі жер пайдалану мерзіміне қойылады.
      98. Уақытша объектілерді ғимараттарға және құрылыстарға тікелей жақын жерде орналасқан жағдайда ғимараттарға және құрылыстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету қажеттігі үшін өрт қауіпсіздігінің ережесін және құрылыс нормаларының талаптарын сақтау қажет.
      99. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңындағы талаптарына сәйкес уақытша объектінің сыртқы маңдайшаларындағы (атауы) мәтінінің сәйкестігін мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органымен келісіледі.
      100. Уақытша объектіні орналастыру тәртібін бұзғаны үшін меншік иесіне Қазақстан Республиканың заңнамасына сәйкес санкциялар қолданылады.
      101. Уақытша объектіні күтуін, түнгі уақытта жарықтандыру және құзыретті органмен келісілген сәулет көрінісін сақтай отыра жөндеу жұмыстары меншік иелерінің қаражатынан жасалады.
      102. Уақытша объектіні монтаждаудан (бөлшектеуден) кейін меншік иесі аумақтың абаттандыруын қалпына келтіреді.

22-бөлім. Құрылыс объектісінің жобасына (жұмыс жобасына) паспорт беру

      103. Құрылыс аланының кіре берісінде құрылыс салушы объектінің атауын, құрылыс салушыны, (тапсырыс берушіні), мердігердің (бас мердігердің), құрылыс объектісі бойынша жұмысты өндіруші жауаптының тегі, лауазымы және телефоны, сондай-ақ, құрылыстың басталу және аяқталу мерзімдері көрсетілген құрылыс объектісінің паспортын орнатады.

23-бөлім. Жер үстіндегі және жер астындағы инженерлік коммуникациялар мен құрылыстарға авариялық және жоспарлы жөндеу жүргізуге ордер алу тәртібі

      104. Жер үстіндегі және жер астындағы инженерлік коммуникациялар мен құрылыстарға авариялық және жоспарлы жөндеу жүргізуге ордер (бұдан әрі - ордер) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (қалалық, аудандық) саласында қызметін атқаратын мемлекеттік органда ресімделеді және беріледі.
      105. Ордер:
      1) инженерлік коммуникацияларды және құрылыстарды төсеу, қайта төсеу және апаттық жөндеу жүргізу үшін траншеяны қазу бойынша жер жұмыстарына;
      2) күрделі жөндеу, реконструкция және құрылыс кезеңінде уақытша қоршауды орналастыруға;
      3) құрылыс объектілердің іргетасын салу бойынша жер қазу жұмыстарының өндірісі болғанда беріледі.
      106. Ордер қаланың, ауданның мүдделі қызметтерімен келісілген, жұмыстардың түрі көрсетілген өтінім негізінде әзірленеді.

24-бөлім. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау

      107. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргiзiле басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды орнатылған Қазақстан Республикасының Заңы тәртібінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргiзiле басталғаны туралы хабарлауға міндетті. Бұл ретте, жобалаушы техникалық жағынан күрделі емес объектілерді энергиямен жабдықтау желілеріне қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабар беруге құқылы.
      Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      108. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы (мемлекеттік құрылыс инспекторы) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін, осы хабарлама алынған кезден бастап бес жұмыс күннен кешіктірілмей объектілер мен кешендерге баруға құқығымен бөленеді.
      109. Алынып тасталсын - Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

25-бөлім. Сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау

      110. Сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 110-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

26-бөлім. Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау

      111. Құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Заңмен реттеледі.
      112. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдануы бекітілген жобаға және жұмыс комиссиясының оң қорытындысына сәйкес оның толық дайын болған жағдайда жүзеге асырады. Объект бойынша жұмыс комиссиясының уәкілдігі оны тағайындаған сәттен басталады және заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген жұмыс комиссиясының қорытындысы тапсырыс берушіге берген сәттен аяқталады.
      113. Қабылдау комиссиясы құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдағанда, жұмыс комиссиясы қажет емес.
      114. Заңның 74-бабында қарастырылған жеке жағдайларында құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау меншік иесімен өз бетінше қабылданады.
      115. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының немесе қабылдау комиссиясының барлық мүшелерімен қол қойылған актісіз құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдауына рұқсат етілмейді.
      116. Құзыретті органда тіркелген мемлекеттік қабылдау комиссиясының немесе қабылдау комиссиясының құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау туралы актісі дайын құрылыс өніміне меншік құқығын тіркегенде айрықша бастапқы материалы болып саналады.
      117. Мемлекеттік қабылдау комиссиясымен және қабылдау комиссиясымен қол қойылған құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау актісі бекітілмейді.
      118. Мемлекеттік қабылдау комиссиясымен және қабылдау комиссиясымен объектінің пайдалануға қабылданған күні объекті пайдалануға қабылдау туралы актісіне қол қойылған күні болып саналады.
      119. Мемлекеттік қабылдау комиссиясымен және қабылдау комиссиясымен объекті бойынша құзыреті тағайындалған күннен басталады және мемлекеттік қабылдау комиссиясымен және қабылдау комиссиясымен объекті пайдалануға қабылдау туралы актісіне қол қойылған күні аяқталады.
      120. Мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылдауы Заңның 75-бабымен реттеледі.
      121. Қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылдауы Заңның 76-бабымен реттеледі.

27-бөлім. Жеке тұрғын үй салу

      122. Жеке тұрғын үй құрылысы барысындағы құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) іс-әрекеттері келесі бірізділікте жүзеге асырылады:
      1) Кодекспен белгіленген тәртіпте жер теліміне тиісті құқығын беру туралы немесе жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгіну;
      2) жер теліміне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарды Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тіркеу;
      3) атқарушылық топографиялық түсірілім, жер телімінің шекарасын табиғи түріне шығаруы актісі МҚК-на енгізу үшін құзыретті органға беру;
      4) құзыретті органда техникалық шарттарға және жобалауға СЖТ алу;
      5) нобайлық жобаны әзірлеу және оны құзыретті органда келісу;
      6) нобайлық жобаға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын салу;
      7) «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiге техникалық паспортын әзірлеу;
      8) Заңның 74-бабына сәйкес пайдалануға қабылдау.

28-бөлім. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау

      123. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісімен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 123-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      124. Салынған жеке тұрғын үйлер барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын, абаттандыру және жер учаскесін қоршау жұмыстары атқарылғаннан кейін меншік иесімен жобаға сәйкес өз бетімен пайдалануға қабылданады.
      125. Құзыретті органда тіркелген меншік иесімен салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау туралы актісі (бұдан әрі - Акт) тапсырыс берушіге жеке тұрғын үйге жеке меншік құқығын рәсімдеу үшін негіз болып қызмет етеді.
      126. Пайдалануға өз бетінше қабылданған меншік иесімен салынған жеке тұрғын үйді пайдалануға беру күні Актіге қол қойылған күні болып есептеледі.

7-тарау. Халыққа тиесілі көлік құралдарын сақтау және қызмет көрсету үшін құрылыстарды орналастыру

      127. Елді мекен аумағында техникалық қызмет көрсету станциялар, автопаркингілер, гараждар және автотұрақтарын жобалау және құрылысын салу қала құрылысының жобаларына, қала құрылысы регламенттеріне және Қағидаға сәйкес экологиялық, санитарлық және өрткеқарсы талаптарды сақтаумен іске асырылады.
      128. Елді мекендерде (тұрғын кварталдарда, мөлтек аудандарда және тағы басқа) гараждар мен автомобильдерді тұрақты сақтау үшін арналған алаңшаларды орналастыру жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      129. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді, ірі сауда және қоғамдық ғимараттарын жобалау кезінде кіріктіре, жер асты гараждары мен автопаркингтерін мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн қол жетімді болуын есепке ала отырып көздеу қажет.

8-тарау. Құрылыс салу, жөндеу бойынша жұмыстарды және инженерлік желілердегі аварияларды жою бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ережелері

29-бөлім. Инженерлік желілер мен құрылыстарды салу және жөндеу бойынша жұмыс жүргізу ережелері

      130. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құрылыстардың және инженерлік желілердің бұзылуын ескерту үшін өндірістік жұмыстарға жауапты тұлға:
      1) жұмыстарды басталар алдында алдағы жұмыс орнына пайдаланушы ұйымның өкілдерін шақырады;
      2) бар құрылыстардың және инженерлік желілердің нақты орналасқан орындарын анықтайды;
      3) оларды сақтауға қажетті шаралар қолданады.
      131. өндірістік жұмыстарға жауапты ұйым (бұдан әрі - орындаушы) жұмысты бастар алдында келесі жұмыстарды орындайды:
      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында міндетін атқаратын мемлекеттік органында пайдаланушы ұйымдармен келісу үшін ордер алады;
      2) қазылған жерлердің шекаралары бойында қоршаулар мен тиісті ескерту жол белгілерін орнатады;
      3) жаяу жүргіншілер қозғалысы орындарында тұтқалары бар жаяу жүргіншілер көпірлерін орнатады және қазылған жерді түнгі уақытта жарықтандыруды қамтамасыз етеді;
      4) жұмыс аймағында жасыл көшеттер болған жағдайда олардың сақтауын қамтамасыз ететін саңлаусыз қалқанмен қоршайды;
      5) жолаушылар автокөліктерінің бағытын өзгерту қажет болған жағдайда, орындаушы берілген өзгерістерді нақты қызметтермен келіседі және міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру арқылы азаматтарды хабарландырады.
      132. Елді мекендерде жерасты инженерлік коммуникацияларын төсеу үшін қазаншұңқырлардың және траншеялардың құрылғыларын салу келесі шарттарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
      1) жұмыстар өндірістік жұмыс жобасына сәйкес қысқа учаскелермен орындалады;
      2) алдындағы учаскеде барлық жұмыстар аяқталғаннан соң, соның ішінде қалпына келтіру және ауданды тазарту жұмыстары аяқталғаннан кейін келесі учаскелерде жұмыс істеуге рұқсат етіледі;
      3) траншеялардан және қазаншұңқырлардан алынған артық топырақ жұмыс орнынан дереу тасып әкетіледі;
      4) траншея цементтік қасиеттері жоқ инертті материалдармен қайта көміледі;
      5) көше бойында инженерлік желілерді төсегенде, жол төсемінің асфальтобетонды жабындының ені төрт метрден жеті метрге дейін құраса, асфальтобетонды жабындының барлық ені қалпына келтіріледі, егер ені жеті метрден асса асфальтобетонды жабынды траншея ені бойынша және құрылыс механизмінің жұмыс аймағында қалпына келтіріледі;
      6) асфальт-бетон төсемнің ені бір жарым метрден екі метрге дейін болатын болса, тротуарлар бойында телефон канализациясын, электр кабельдерін және басқа да инженерлік желілерді өткізу кезінде, асфальт-бетон төсем тротуарлардың бүкіл ені бойынша қалпына келтіріледі, ал ені екі метр және одан астам болатын болса, асфальт-бетон төсемді қалпына келтіру траншея бойында және құрылыс тетіктерінің жұмыс істеу аумағында орындалады.
      133. Жұмыс өндірушісі (мердігерші) асфальтобетонды жабындының сапасын қамтамасыз етеді. Егер инженерлік желілерді төсеу орнында асфальтобетонды жабындының жоғарғы қабатын қалпына келтіргеннен кейін шөгу, бүліну байқалса жұмыс өндірушісі (мердігерші) екі жыл ішінде асфальтобетонды жабындының қалпына келтіруін жүзеге асырады.
      134. Жасыл көшеттерді, жер асты құрылыстардың құдық қақпақтарын, су ағатын торларды және науларды жермен немесе құрылыс материадарымен көмуге рұқсат етілмейді.
      135. Өндірістік жұмыстарға жауапты тұлғамен өндірістік жұмыстар (траншеяны әзірлеу) аяқталғаннан соң, жасырын жұмыстардың актісін дайындайды.
      136. Егер инженерлік желілер жобаға сәйкес болмаса, тиісті мемлекеттік органмен оларды қайта төсеуге ұйғарым береді. Инженерлік желілерді қайта төсеудің шығындарын осы жұмыстарды өндіретін ұйымының есебінен жүзеге асырылады.
      137. Қара жолдарды қазу кезінде жұмыстарды жүзеге асыратын ұйым жұмыстар аяқталғаннан кейін, топырақты қабат-қабатымен нығыздай отырып, қайта көмеді.
      138. Құрастырылған инженерлік желілер мен салынған инженерлік құрылыстарда, траншея топырақпен көмілгенге дейін атқарушы топографиялық түсірілімі жасалуы тиіс.
      139. Құрылысы аяқталған инженерлік желілердің және олардың құрылыстарының атқарушылық топографиялық түсірілімі МҚК-на енгізу үшін құзыретті органға міндетті түрде жіберіледі.
      140. Құрылысы аяқталған инженерлік желілерді және құрылыстарды пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      141. Инженерлік желілерді пайдалануға қабылдау, люктарды, құдықтарды орнатуды және абаттандыру элементтерін толық қалпына келтіруді қоса алғанда, барлық жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жүргізілуі тиіс.
      142. Қала көшелеріндегі және квартал ішілік аумақтарындағы құдықтардың, жылу камераларының, люктардың жай-күйі үшін жауапкершілікті пайдаланушы ұйым, не осы инженерлік желі иелігіне қарайтын ведомство көтереді.

30-бөлім. Инженерлік желілердегі аварияларды жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары

      143. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстарын инженерлік желілердің иелері апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жүргізеді.

31-бөлім. Объектілерді кейіннен кәдеге жарату

      144. Ғимараттарды және имараттарды құлату және бөлшектеу (кейіннен кәдеге жарату) «Құрылыс салу өндірісі. Ғимараттардың және имараттардың, кәсіпорындардың құрылысын ұйымдастыру» 1.03-00-2011 Қазақстан Республикасының құрылыс нормасына сәйкес жүзеге асады.

9-тарау. Сілтеме жасалған нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды;
      2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен қолданысқа енгізілді;
      3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексі;
      4. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексі;
      5. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Су Кодексі;
      6. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;
      7. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы;
      8. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы;
      9. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 03 қарашадағы № 213 «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Заңы;
      10. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы;
      11. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 «Жарнама туралы» Заңы;
      12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 121 «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» қаулысы;
      13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы N 425 «Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысы;
      14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 237 «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысы;
      15. «Қазақстан Республикасының сәулет және қала құрылысының ескерткіштерін реконструкциялауға және қайта жаңартуға жобалау құжаттамасын құрамын, бекітуін, сараптауын және келісуін жүзеге асыру тәртібі туралы нұсқау» ҚР ҚҚБ 1.02-01-2002;
      16. «Құрылыс салуға жобалау құжаттамасын құралын, бекіту, келісу және әзірлеу тәртібі туралы нұсқау» ҚНжЕ 1.02-01-2007*;
      17. «Қазақстан Республикасында құрылыс салу жобаларын бекіту, келісу және әзірлеу тәртібі туралы нұсқау» ҚНжЕ 3.01-00-2011*.

Ақмола облысы аумағында
құрылыс салу қағидаларына
1 қосымша       

1-нысан

БЕКІТЕМІН         
Қаланың, ауданның бас сәулетшісі
________________________________
________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)       
20___ ж. _______________________

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектерін орналастыру паспорты

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбына өзгеріс енгізілді – Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-4 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

_____________________________________________________________________
                                       (атауы)

      Мекен-жайы:____________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                     (қала, аудан)

      Меншік иесі:___________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                       (Т.А.Ә.)

Келісілді:

      Қаланың/ауданның ІІД ӘПБ (Ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасы)__________________________________________________
_____________________________________________________________________
                             (лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      Қаланың/ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі__________
_____________________________________________________________________
                             (лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      Қаланың/ауданның тоқпен жабдықтаушы органы (қажет болғанда)____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                             (лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      Мәдени мұраны қорғау бойынша құзыретті орган (егер объект мәдени мұра ескерткіштерін қорғау жерінде орналасқан жағдайда) (қажет болғанда)____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                            (лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі)

Нобайлық жоба, сыртқы (көрнекі) жарнама объектерінің жалпы көрінісі

Құрылымның иесі (Тапсырыс беруші)/Собственник конструкции (Заказчик):
_____________________________________________________________________
 

Орналастыру жері/Место установки: ___________________________________
_____________________________________________________________________
 

Орындаушы (Мердігер)/Исполнитель (Подрядчик): _______________________
_____________________________________________________________________

Күндізгі көрініс              Түнгі көрініс
Дневное изображение           Ночное изображение

   Техникалық сипаттамасы/Техническая характеристика

Атауы/Наименование: _________________________________________________
_____________________________________________________________________
 
Қолданылатын материалдар/Используемые материалы: ____________________
_____________________________________________________________________
Жақтардың саны/Количество сторон: ___________________________________
Жарнама кеңістігінің жалпы аумағы/Общая площадь рекламного поля: ____
Жер учаскесінің ауданы (шаршы метр)/ Площадь земельного участка (квадратный метр) ___________________________________________________
 

Орналастыру орны схемасының үлгісі/Образец схемы места установки

      Келісілген: қаланың (ауданның) бас сәулетшісі _____________ _____________________
                                                       (Т.А.Ә)       (қолы, мөрі)

2-нысан

БЕКІТЕМІН
Қаланың, ауданның бас сәулетшісі
________________________________
________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)      
20___ ж. _______________________

Уақытша құрылысты орналастыру паспорты

_________________________________________________
(атауы)

      Мекен-жайы: ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                        (қала, аудан)

      Меншік иесі: __________________________________________________
_____________________________________________________________________
                                         (Т.А.Ә.)

      Келісілді:

      Қаланың/ауданның ТЖ (Төтенше жағдай) басқармасы/бөлімі ________
_____________________________________________________________________
                           (лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      Қаланың/ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ______
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                           (лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      Қаланың/ауданның тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы __
_____________________________________________________________________
                           (лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      Қаланың/ауданның кәсіпкерлер бөлімі ___________________________
_____________________________________________________________________
                         (лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      Қаланың/ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (қажет болғанда) ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      Қаланың/ауданның энергия жабдықтаушы органдары (қажет болғанда)____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      Қаланың/ауданның коммуналдық қызметі (сумен жабдықтау/бөліп беру және жылумен жабдықтау) (қажет болғанда) _______________________
_____________________________________________________________________
                         (лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      Ескертпе: Нобайлық жоба міндетті түрде 2-нысанға қосылады.

Ақмола облысы аумағында
құрылыс салу қағидаларының
2 нысанына қосымша  

___________________________________________ нобайлық жобасы
(уақытша құрылыстың атауы)                                

      Келісілген: қаланың (ауданның) бас сәулетшісі ____________ _____________________
                                                      (Т.А.Ә)        (қолы, мөрі) 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады