"Ақмола облысының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 5С-30-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-34-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 наурызда № 4716 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 5С-47-15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 23.02.2016 № 5С-47-15 (қабылданған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы заңдарына сәйкес Ақмола облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Ақмола облысының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 5С-30-7 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу реестрiнде № 4436, "Акмолинская правда" және "Арқа ажары" газеттерінде 2014 жылы 22 қарашада жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысының аумағында құрылыс салу қағидаларында:
      2-тармақтың алтыншы абзацы келесі редакцияда жазылсын:
      "қала құрылысы қызметi – қала құрылысы кеңістігін қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың шығармашылық процесін, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіруді қамтитын, қала құрылысын жоспарлауда аумақтар мен елді мекендерді ұйымдастырудағы және дамытудағы, оларды аумақтық көліктік жоспарлаудағы және жол жүрісін ұйымдастырудағы, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерін айқындаудағы, қалалық және ауылдық елдi мекендердi кешендi жоспарлаудағы қызмет;";
      2-тармақтың тоғызыншы, оныншы және он алтыншы абзацтары алынып тасталсын;
      6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "6. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.";
      8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "Елдi мекеннiң бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және оларда құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) негiзiнде орындалған егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс жобалары, сондай-ақ облыстар аумақтарын қала құрылысы үшін жоспарлаудың кешенді схемалары болмаса, жер учаскелерiн құрылыс үшiн беруге тыйым салынады.";
      10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "10. Құрылыс салу үшін жер учаскесін таңдау Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.";
      24-тармақ алынып тасталсын;
      36-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "36. Аумаққа құрылыс салуды реттеу тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.";
      39-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "39. Қала құрылысы жобаларын әзiрлеуді осындай жұмыс түрлерін жүргізу құқына ие тиiсті мемлекеттiк лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.";
      64-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "64. Әлеуметтік, тұрғын үй және өндірістік мақсаттағы ғимаратты және имаратты жобалау "Халықтың қауқары аз топтары үшiн қол жетімділігін ескере отырып ғимаратты және имаратты жобалау" ҚР СП 3.06-15-2005 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
      95-тармақ алынып тасталсын;
      107-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "107. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргiзiле басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды орнатылған Қазақстан Республикасының Заңы тәртібінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргiзiле басталғаны туралы хабарлауға міндетті. Бұл ретте, жобалаушы техникалық жағынан күрделі емес объектілерді энергиямен жабдықтау желілеріне қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабар беруге құқылы.";
      109-тармақ алынып тасталсын;
      110-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "110. Сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";
      123-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "123. Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісімен жүзеге асырылады.";
      көрсетілген Қағидалардың 1-қосымшасында, тақырыбында мемлекеттік тілдегі "орнасластыру" сөзі "орналастыру" сөзіне ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Г.Баймышев
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Н.Дьячек

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақмола облысының сәулет
және қала құрылысы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
В.Фелбелт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады